Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту

ҮЕҰ әлеуетін арттыру бойынша семинар-тренинг басталды

Семинарға қатысуға еліміздің әр түрлі өңірілерінен ҮЕҰ келді: Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы, Қостанай, Павлодар облыстары.

Семинарды «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Басқарма Төрағасы Б. Мұқина ашты. Ол Ұлыбританияның Елшілігіне, BOND коммерциялық емес ұйымына (Халықаралық даму саласында жұмыс істейтін Британдық ұйымдар желісі) және «Қазпошта» АҚ-на іс-шараны ұйымдастыруға қолдау көрсетуге алғысын білдірді.

Семинар тренері, жобаны басқаруда 15 жылдан астам тәжірибесі бар, Кейт Денман тренинг соңында қатысушылар уақытты басқару құралдарын қолдана отырып, MEAL-ды (Мониторинг, бағалау, есеп беру және оқыту) жоба дизайнына біріктіре алатынына үміт білдірді.

Семинар 2019 жылы 23-25 қыркүйекте Нұр-сұлтан қаласында «Қазпочта» АҚ «e-Commerce» орталығының базасында өтеді.