Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту

«Азаматтық бастамаларды қорғау орталығы» КЕАҚ-та Гранттық жобалардың жүзеге асырылуына Қоғамдық мониторинг жүргізу жөніндегі және мемлекеттік гранттық қаржыландыруды жетілдіру жөніндегі комиссиялар құрылды

«Азаматтық бастамаларды қорғау орталығы» КЕАҚ жүзеге асырылып жатқан жобалардың тиімділігін арттыру мақсатында гранттық жобаларға Қоғамдық мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия құрды.

Біздің Орталық бұдан бұрын әртүрлі салаларда қызмет ететін сарапшыларға, ҮЕҰ өкілдеріне, зерттеушілер мен басқа да мүдделі тұлғаларға қоғамдық мониторингке қатысу жөнінде шақыру тастаған болатын. Қазіргі уақытта, Қоғамдық мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияға 23 адам кіреді.

Қоғамдық мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия құрамына енгізілетін сарапшылар тізілімімен қосымшадағы құжатты жүктеу арқылы таныса аласыз.

Сонымен бірге, Орталықпен Мемлекеттік гранттық қаржыландыруды жетілдіру жөніндегі комиссия құрылды.

Жоғарыда аталған комиссиялар Орталықтың Басқармасы отырысының 2019 жылғы 25 шілдедегі №25 хаттамасымен бекітілген.