Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту

​Жүлде қоры 4 млн теңгені құрайтын республикалық «Jastar alańy 2019» пікірсайыс турниріне өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі.

Жүлде қоры 4 млн теңгені құрайтын республикалық «Jastar alańy 2019» пікірсайыс турниріне өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі.

«Турнирге қазақ және орыс лигаларына еліміздің барлық өңірлерінен 60 команда қатысады. Турнирге қатысуға ниет білдіруші 18-29 жас аралығындағы қазақстандықтар 9 шілде мен 8 тамыз аралығында www.jasotan.com сайтында өтінім қалдыра алады», – деді «Jas Otan» ЖҚ Төрағасы Дәулет Кәрібек Орталық коммуникациялар қызметінде.

Айтуынша, турнирдің негізгі мақсаты – Жастар жылы аясында Қазақстанда пікірсайыс қозғалысын жандандыру және пікірсайыс Федерациясын құру.

Пікірсайыс турнирі ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен ұйымдастырылады.

«Пікірсайыс – жастар үшін трендке айналған, критикалық ойлауды, логиканы, тұлғалық дамуды арттыра алатын таптырмас механизмге айналды. Пікірсайыс клубтары еліміздің әр аймағында көптеп дамып келеді. Жастар жылының аясында «Jas Otan» Жастар Қанаты, Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы пікірсайыс қозғалысын қолдайды!», – деп атап өтті Дәулет Кәрібек.

Толық ақпаратпен https://ortcom.kz/
сайтында танысуға болады.