Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту

Тұздыкөл сауықтыру аймағы

1. Атауы:«Талшын» қоғамдық қоры
2. Жоба атауы: Тұздыкөл сауықтыру аймағы
3. Жобаның/идеяның сипаттамасы: Тұздыкөлдің суы мен қара балшығының қасиеттілігі ерте бастан белгілі болған. Көнекөздердің айтуынша, жанына жалау, сырқатына ем іздегендер бұрын алыстан да ат арбамен келіп тұрыпты. Бүгінге дейін де солай болғанымен, шипалы жер толыққанды ел игілігіне айналмай отыр.Тұздыкөлдің емдік қасиетін білу мақсатымен 1979 жылы Кеңестер Одағының Ресейдегі Минералды сулар аймағындағы Курортология институтына өтініш жасалып, 1980 жылы институттан ресми жауап келген. Жергілікті дәрігерлердің айтуынша, зертханаға жіберілген балшық, оның бетіндегі көпіршікке талдау жасалынып, «ферменттер мен дәрумендерге бай» деген қорытынды жасалған. Ең өкініштісі, кейін сол құжаттар белгісіз жағдайда жоғалып кеткен. Ең өкінішті жайт, Тұздыкөлге келушілерге ешқандай жағдай жасалмаған. Мидай дала, аптап ыстық. Оған әдейі көлікпен бару керек. Және түсіп болғаннан кейін жуынатын су таппайсың, қалқа болар көлеңке жоқ. Бұл жерге келу үшін шатырдан бастап, барлық керек-жарақты өзіңіз алып келесіз. Индерде шипажай салуға мынадай қолайлы факторлар бар: Минералдар мен микроэлементтерге, иондарға бай Индер көлінің бұлақтарының суы таза, ферменттерге толы. Оның үстіне, қара балшығы да гормондарға бай. Ағзасында микроэлемент пен иондардың тапшылығы бар адамды электролит құймаған аккумулятормен теңестіруге болады.Бром, фтор, йод және басқа көптеген иондарға қаныққан көл бетінің ауасы тап-таза келеді. Онымен тыныстаған адамның көңілі бірден орнына түсіп, ұйқысы түзеледі. Бұл ауада бір де бір ауру қоздырғыш микробтың өмір сүре алмай өзінен өзі жойылатынын, тіпті маса мен сона, шыбын-шіркей болмайтынын ескерсек, ол бір – баға жетпес байлық.Демалуға барған адамдардың қызығушылығын туғызатын Индер көлінің айналасындағы тарихи орындар, Қаройдағы Махамбет кесенесі – бәрі барушыларға ерекше әсер етеді. Мұрат Мөңкеұлы кесенесі, Мұрын жыраудың өзі «әйгілі Қырымның 40 батыры туралы жырды Мұрат Мөңкеұлынан үйрендім» деген. Тарихи аңыздарға толы бір ғана кіретін жері бар, айнала таумен қоршалған «Қорған тау», «Қызыл тау», «Көк тау», «Жаман тау» деген тарихи жерлер, ылғи шар тастардан тұратын «Анар» жалы, қазірде «Димаш» төбесі делінеді. Кезінде Д.А.Қонаев осы төбеге әкелінген барлық қазба байлықтарды көріп, өте жоғары баға беріпті. Артынша темір жол жүргізуге жоба жасатып, оны салдырған.«Қарасты үңгірлері», ылғи бастауын «сүзгілерден» алатын бұл үңгірлердің кейбірінің ұзындығы 25-30 метрге дейін барады. Олардың ішінде шілде айларында да мәңгілік мұз жатады.Тұзды көлге, бір жақсысы, барлық коммуникациялар жақын орналасқан. Миялы-Индер тас жолы бір шақырымдай жерден өтеді, Ал, бес шақырымдай жерде темір жол, төрт шақырымдай жерде ауыз суы, табиғи газ, кәріз, жоғары кернеулі электр желісі бар, жеті шақырымдай жердегі санавиация мен газөнеркәсібінің бұрынғы әуежайы, Атырау-Индер-Орал тас жолы жатыр.Индер тұзды көлінің Индербор қалашығына жақын жеті шақырымдай жерде орналасуы көпшілікке тиімді болуда. Индербор қалашығындағы аудандық орталық аурухана, ондағы облысымызда ең үздік оңалту, физиотерапия орталығы, Индер тұзды көлінің балшығымен, минералды суларымен жұмыс жасаған мамандар, демалушыларға сапалы қызмет көрсете алатын ресторандар мен кафелер т.б. коммуникациялар жетілген.Индер ауданының дәмі таңдайыңнан кетпейтін шұбаты мен қымызы қандай!Жеміс-жидекке толы ормандары мен бақшалары, балыққа толы көлдері ше?!Жайық өзені, оның сәнді жағалаулары, суға шомылатын қайраңдары, өзен жағалауындағы әр түрлі өсімдіктер мен талдар қандай!«Неге шыбын-шіркей, маса-сона мен микробтар жоқ, сонда радиация деңгейі қандай?» деген орынды сұрақтар туады. Иә, кезінде мұндағы радиация деңгейін арнайы тапсырыспен радиолог мамандар зерттеді. Оның деңгейі табиғи фоннан төмен екені айтылды. Ал, жоғарыда аталып кеткен жәндіктердің иондалған ауаның әсерінен жойылатыны сөз болды. Айта кететін жайт: құрамында борат, бор бар гипс, минералдар өзінің бойынан радиацияны өткізбейтін қасиеті арқасында жоғары бағаланып, медицинада кең қолданылады.

4. Жобаның мақсаты:Тұздыкөлге келген тұрғындардың демалуына қолайлы ортаны ұйымдастыру және бұл аймақтың туристік бағытта маңызы зор екендігін көрсету. Батыс Қазақстан және Атырау облысының тұрғындары үшін бұл аймақты жақсы демалыс орындарының біріне айналдыру. Өйткені, бұл жерде жаздың маусым,шілде, тамыз айларында демалуға келушілердің қарасы қалың. Асфальт жолы болмаса да белгілі демалыс орындарының біріне айналып отыр. Сондықтан да, қашан жол салынады деп күтпейосы жоба аясында Тұздыкөлдегі тазалық жұмыстарына араласқымыз келеді. Сондай-ақ демалушыларғақолайлы болу үшін жағдай жасауға ат салыссақ дейміз.

5. Жобаны жүзеге асыру орны: Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті Индер Тұздыкөлі.

6. Жобаны жүзеге асыру мерзімі:жаз айлары.

7. Қажетті сома: 5 миллион теңге.