Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту

«Мен бармын!» ҚҚ

1. Атауы: «Мен бармын!» ҚҚ

2. Жоба атауы: «Мен бармын!» инклюзивті театр студиясы

3. Жобаның/идеяның сипаттамасы: «Мен бармын» инклюзивті театр студиясы даун синдромы, аутизм, мүмкіндігі шектеулі сынды диагноздары бар ерекше жандарға арналған. Театрдың негізін салушы – «Мен бармын!» қоғамдық қоры. Инклюзивті театр студиясында 8 ерекше бала өнер көрсетуде. Бүгінгі күнге дейін ерекше балалардың қатысуымен 2 спектакль қойылды. Инклюзивті театр студиясы балалардың сөйлеу, іс-қимыл, есту, даму қабілеттерін жақсартып, жақсы нәтиже көрсетуде. Сахнадан тыс балалардың киімін ауыстыру, бояндыру, сурет және бейнетаспаға түсіру, жарықпен, дыбыспен жұмыс істеуде еріктілер қол ұшын беруде. Театрдың жас әртістері жас ерекшеліктерімен шектелмейді.

4. Жобаның мақсаты мен міндеттері:

  1. Ерекше, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзивті театр студиясын ашу
  2. Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
  3. Тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру
  4. Қоғамдық ортаға бейімдеу

5. Жобаны жүзеге асыру орны: Атырау облысы, Атырау қаласы

6. Жобаны жүзеге асыру мерзімі: Жоба 2019 жыл, ақпан айынан бастап жүзеге асырылуда, ұзақ мерзімді.

7. Қажетті сома: 1 млн. 500 мың тг.