Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту
Сенім
телефондары
+7 (775) 511-07-41 +7 (7172) 72-96-53

«Жастар бастамаларын қолдау бойынша әлеуметтік қызмет (Қазақстан жастарын әлеуметтендіру және дамыту бойынша жалпыұлттық жобаның II кезеңі)» жобасы жүзеге асырылып жатыр

Биылғы жылдың қыркүйек айында Батыс Қазақстан облысында «Жастар бастамаларын қолдау бойынша әлеуметтік қызмет (Қазақстан жастарын әлеуметтендіру және дамыту бойынша жалпыұлттық жобаның II кезеңі)» жобасы бойынша жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау бағытындағы жұмыстар басталды. Жобаны атқарушы – «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі.

Жобаның негізгі мақсаты жастарды әлеуметтендіру және дамыту үшін 6 негізгі бағытта, яғни зияткерлік, спорттық, шығармашылық, әскери-патриоттық, әлеуметтік белсенділік пен еріктілік, ұлттық құндылық бағыттары бойынша әлеуметтік қызметтің жұмысымен қамтамасыз ету.

Қазіргі таңда жоба бойынша жұмыстың негізгі бағыттарын жүзеге асыратын мамандарды жүйелі түрде оқыту үшін БҚО-ның 13 аумағында (12 аудан және қала) 461 маманның қатысуымен оқыту шаралары ұйымдастырылды, нәтижесінде іс-шара қатысушылары арнайы сертификатқа ие болды. «Jas.Qz» жобасы туралы ақпараттық-түсіндірмелік жұмыстар жасалынды. Жоба жайлы «AQJAIYQ» және ТДК-42 телеарналарында хабар, БҚО аудандық БАҚ бетінде мақала, әлеуметтік желі беттерінде жарияланымдар жарық көрді.

Қазіргі шақта Батыс Қазақстан облысының мектеп оқушылары арасында «Менің таңдауым» іс-шаралары, яғни 6 бағыт бойынша байқаулар жүріп жатыр.