Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту

Батыс Қвзвқстан облысында «Жалғыз терезе» қағидаты бойынша азаматтық орталықтарды дамыту жобасы жүзеге асады.

«Гауһар жолы» қоғамдық бірлестігі ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның мемлекеттік грантының аясында «Батыс Қазақстан облысында «Жалғыз терезе» қағидаты бойынша үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсетуге арналған азаматтық орталықтарды ұйымдастыру мен дамыту» жобасын іске асырады.

Негізгі мақсаты: Тұрақты жұмыстанатын азаматтық орталық ұйымдастыру арқылы, ҮЕҰ-ды дамыту және олардың әлеуетін көтеруге кәсіби практикалық көмек көрсету үшін, Батыс Қазақстан облысы бойынша үкіметтік емес ұйымдарға қолайлы орта қалыптастыру. ҮЕҰ құру және қызметіне байланысты, оның ішінде дерекқор, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, гранттар, сыйақылар, қоғамдық кеңес, «Атамекен» кіші бағдарламасы бойынша консультативтік, әдістемелік, білім беру, өзге де қызметтер көрсету. Бекітілген жоспарға сәйкес, білім беру және ақпараттық өнімдерді тарату арқылы өңірлік ҮЕҰ-дың әлеуетін арттыру.

Орталық жұмысының тиімділігін арттыру және қойылған міндеттерге қол жеткізу мақсатында, келесі қадамдар жоспарлануда:

1. Кеңес беру бөлмесімен, Call-орталығын құру.

2. Кәсіби тренерлер командасын құру мақсатында 30 ҮЕҰ-дың көшбасшыларын оқыту үшін, ТОТ жазғы мектебін өткізу.

3. Аудан орталығында ауылдық ҮЕҰ–на Форум өткізу. Форумның мақсаты: ҮЕҰ-дың проблемаларын анықтау, ҮЕҰ-дың беделін арттыру, халықтың ҮЕҰ-ң қызметіне деген сенімін арттыру, ҮЕҰ-ның мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясындағы қызметін бағалау.

4. «ҮЕҰ-ды дамыту тиімділігін арттыру» тақырыбында 2 тренинг ұйымдастыру.

5. «ҮЕҰ жұмыстарын ұйымдастыру», «Стратегиялық жоспарлау» тақырыбында 2 оқыту семинарларын ұйымдастыру.

6. Өңірде әлеуметтік серіктестік және әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту туралы «Инновациялық серіктестік» ашық диалог алаңын өткізу. Үшжақты келісімді нығайтуға бағытталған нақты ұсынымдар талқылау.

7. Азаматтық орталықты қажетті әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету: буклеттер, флаерлар, «ҮЕҰ-ды ашу және жабу», «Техникалық спецификация құру», «ҮЕҰ-дар дерекқорын толтыру нұсқаулығы», «Сыйақы тағайындау ережесі», «Халықаралық донорлар картасы», «ҮЕҰ-ды дамыту бойынша тренерлер туралы ақпарат» т.б.

Барлық ақпарат «БҚО ҮЕҰ Коммуникациялық орталық»: www.npozko.kz веб сайтында мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады.

Батыс Қазақста облысы бойынша ҮЕҰ-дың Азаматтық орталығы.

Барлық сұрақтар бойынша: Байланыс телефондары: 87013318603, 87774784750.

Мекен-жайымыз: Орал қаласы, Т.Масин көшесі 67, №2-3 офис, БҚО бойынша ҮЕҰ Азаматтық орталығы.

Эл.адрес: gauharzhol@mail.ru