Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту

Назар аударыңыз! ҮЕҰ өкілдеріне арналған семинар

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ «Ақмола облысында «Бір терезе» қағидаты бойынша үкіметтік емес ұйымдарды қолдау үшін азаматтық орталықты дамыту және ұйымдастыру» грантын іске асыру аясында, «Sara» ҚҚ 2018 жылдың «30» мамырында сағат 10.00-ден сағат 13.00-ге дейін кофе-брейкке үзіліспен ҮЕҰ қызметкерлері, әлеуметтік саланың мемлекеттік орган өкілдері (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, дене шынықтыру және спорт, кәсіпкерлік және өнеркәсіп және басқалары) үшін: «ҚР ҮЕҰ Бірыңғай мәліметтер базасы», «МӘТ жобаларын іске асыру және қатысу алгоритмі», «АБҚО гранттары мен ДІжАҚМ сыйақылары туралы» тақырыптарында оқыту тренингін өткізетін болады.

Тренинг бағдарламасында ҮЕҰ мәліметтер базасына деректер беру, қоғамдық ұйымдар қызметі саласындағы ҚР заңнамаларын сақтау, соның ішінде, салықтық және басқа да есептерді, өтініш беру, ҚР мемлекеттік сатып алу порталына шығу арқылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жобаларын іске асыру, байқауларға қатысу және басқа да өзекті сұрақтар қарастырылатын болады.

Үлестіру материалдары ретінде шара қатысушыларына төмендегідей әдістемелік жинақтар ұсынылатын болады: «ҚР ҮЕҰ мәліметтер базасы туралы» (CD-дискте), «МӘТ жобаларының байқауларына қатысу алгоритмі», «ҮЕҰ қызметі саласындағы ҚР НҚА», «Қоғамдық бақылау және өткізу тәжірибесі туралы» және басқада материалдар.

Оқыту іс-шаралары қатысушыларда ҮЕҰ жұмысында тәжірибелік нақыштарды қалыптастыру мақсатында интерактивті формаларды қолдану арқылы жүргізілетн болады.

Грант аяқталғаннан кейін, әрі қарай оқыту тренингінен өткен және азаматтық орталыққа жүгінгін азаматтар үшін, іс-шараны ұйымдастырушы қор тарапынан кеңестік-әдістемелік көмек және әлеуметтік бастамаларына қолдау көрсетілетін болады.