Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту

Пресс-релиз

2018 жылдың 21-22 маусымында Талдықорған қаласында үкіметтік емес ұйымдар-бизнес-мемлекеттің «ASAR» үшжақты ынтымақтастығының II республикалық форумы «Өңірлердің тұрақты дамуына жергілікті қоғамдастықтардың қосқан үлесі» атты тақырыбымен өтеді.

Форумды Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, «Атамекен» ҰКП, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ және Алматы облысының әкімдігі ұйымдастырады.

Форумның мақсаты – жергілікті қоғамдастықтың әлеуметтік мәселелерін шешуде үкіметтік емес ұйымдар, бизнес және мемлекеттік органдардың өзара іс-әрекетін нығайту.

Форумда талқыланатын негізгі тақырыптар «Өңірлерге арналған әлеуметтік бастамалар», «Жергілікті өзін-өзі басқару тұрақты дамудың негізі» және «Жергілікті қоғамдастық және инновация» болмақ.

Биылғы жылы форумның аясында үшжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйін талқылау үшін семинарлар, мастер-класстар, практикумдар, пікірталастар ұйымдастыру және сессияларды өткізу, сондай-ақ, жергілікті қоғамдастықтарды дамытудағы қазіргі табысты модельдер мен инновацияларды таныстыру жоспарланған.

Форумның жұмысына депутаттар, мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, отандық және шетелдік бизнес өкілдері, халықаралық ұйымдар, ҮЕҰ және сарапшылар қатысады деп күтілуде.

Форумда ҮЕҰ-дың әлеуметтік жобалар платформасында іріктелген жергілікті қоғамдастықты дамыту бойынша жобалар ұсынылады. Барлығы 203 өтінім келіп түсті, оның 125-і http://asarprojects.kz/платформасына жүктеліп, кәсіпкерлерге таратылды.

Форум «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда және алғаш рет 2017 жылдың қазан айында Атырау қаласында өткізілді.