Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту

Орталық өзбекстандық әріптестерімен тәжірибесімен бөлісті

Бүгін Орталық кеңсесіне Өзбекстан Республикасының мемлекеттік және коммерциялық емес ұйымдарының өкілдері келді. Мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың ықпалдастығын арттыру үшін арнайы ұйымдастырылған танымдық сапармен Қазақстанға келген өзбекстандықтар алдымен ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жұмысымен танысып қайтты. Министрліктен шыққан делегация «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығына» арнайы ат басын бұрып, ұйымның құрылымы мен атқарып жатқан жұмысымен танысты.

Басқарма Төрағасының орынбасары Дина Кененсаринова жұмысқа енгізілген жаңалықтар мен еңсерілген қиындықтар, алда тұрған мақсаттар туралы толықтай әңгімелеп берді.

Екі жақ тиімді тәжірибелерімен бөліскен соң, болашақта да ынтымақтаса жұмыс істеуге уағдаласты.