Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту

Президент Жолдауы түсіндірілді.

2018 жылдың 25 қаңтарында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінде ҚР Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауын түсіндіру жұмысы бойынша «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мен Азаматтық қоғам істері комитетінің қызметкерлері арасында кездесу өткізілді.

Іс-шараға Азаматтық қоғам істері комитетінің Төрайымы Ә.Ғалымова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты С.Ершов, «Нұр Отан» партиясы «Бірлік» филиалы Төрағасының бірінші орынбасары Ш.Қожахметов, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Басқарма Төрағасының орынбасарлары Г.Оралова мен Д.Кененсаринова, барлығы 30-дан астам адам қатысты.

Іс-шара барысында Азаматтық қоғам істері комитетінің Төрайымы Ә.Ғалымова бағдарламалық құжаттың негізгі қағидаларын баяндап өтті, сонымен қатар Қазақстанның азаматтық қоғамын дамыту мен қолдау көрсетуге қатысты мәселелер талқыланды.