Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту

Маңғыстау ауданынан мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған даму орталығын ашу, аула клубын ашу, соның аясында денсаулығында кінәраты бара балаларға этнолагерь ұйымдастыру

Ұйым туралы ақпарат

Жоба туралы ақпарат

Жобаның атауы: Маңғыстау ауданынан мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған даму орталығын ашу, аула клубын ашу, соның аясында денсаулығында кінәраты бара балаларға этнолагерь ұйымдастыру;

Мәселенің сипаттамасы: Маңғыстау ауданында бүгінгі таңда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бірде бір орталық жоқ. Олар жылына бір рет қана ұйымдастырылатын фестивалге қатысуменшектеледі. Мамандардың айтуынша туабітті сырқаты бар балалар күн санап көбейіп келеді, олардың көпшілігі бір нәрсеге бейім, дарыны бар болып келеді. Олардың талантын одан әрі ұштауға, дамытуға мүмкіндік өз дәрежесінде жасалып отырған жоқ.

Жоба мақсаты: Қоғамның қамқорлыққа зәру топтарын ортаға бейімдеу, өнерлі балаларды сайыстарға шығару, талантты, талапты балаларды анықтап, олардың қоғамның толыққанды мүшесі болуына жол ашу; оларды еңбекке баулып, белгілі бір кәсіпке бейімдеу;

Күтілетін нәтижелер: Ауданда жаңа жұмыс орны ашылады, мүмкіндігі шектеулі балалар ортаға бейімделеді, түрлі спорттық, мәдени жарыстарға қатысады, қазақтың ұлттық салт-дәстүрімен, қолөнерімен танысады, дарыны ашылған балалардың денсаулығы да айтарлықтай жақсарады;

Қажетті қаржы: 7 миллион теңге

Жобаның жүзеге асатын орны: Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе селосы

Жобаның жүзеге асыру мерзімі: 2018 жыл-үнемі

Жобаның жергілікті қоғамды дамытуға қосатын үлесі: Мектеп жасындағы балаларға арналған бірде бір аула клубы жоқ ауданда аула клубтарының ашылуына септігін тигізеді, арнайы мамандарды жұмыспен қамту арқылы жұмыссыздық деңгейі төмендейді, ауданда ұлттық тағамдар мен қолөнер бұйымдарының саттыққа шығуына септігін тигізеді, мүгедек бала бағып үйде отырған көптеген аналарға моральдық көмек болады, мүмкіндігі шектеулі жандар жұмыс жасайтынорындардың ашылуына алғышарттар қалыптасады. Икемділіктеріне қарай шеберхана, тігін цехын ашу бағыттары айқындалады.