Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту

«Инклюзивті балаларды қамқорлаудың жаңа жолдары» «Елу жылда – Ел жаңа» қоғамдық бірлестігінің «Тьютор орталығы»

Әлеуметтік жобалар Платформасына қатысуға арналған

ҮЕҰ өтінімі

Ұйым туралы ақпарат

Атауы: «Елу жылда – Ел жаңа» қоғамдық бірлестігі

Пошта индексі: 080001

Облыс: Жамбыл

Елді мекен: Тарақ қаласы

Көше, үй номері: Надежда Крупская көшесі 32 үй 8 пәтер

Телефон (жұм. және ұялы): 87011808022,

87079447801

E-mail: shapai20157@mail.ru

Ұйымның тіркелу күні мен орны: 09.02.2017ж.ЖОДЮ

Ұйым жетекшісінің аты-жөні: Сүйімқұл Шарапат Батырбекқызы

Жоба бойынша ақпарат

Жоба атауы: «Инклюзивті балаларды қамқорлаудың жаңа жолдары»

«Елу жылда – Ел жаңа» қоғамдық бірлестігінің «Тьютор орталығы»

Мәселенің сипаттамасы:

Мемлекеттік бағдарлама негізінде 2020 жылға дейін білім беруді дамыту аясында қоғамдық орындарға кедергісіз енуді қамтамасыз ететін материалдық-техникалық, дене және психикалық жағдайлар жасалып, дене және психикалық дамуында ауытқушылығы бар балаларға жалпы білім беру мекемелерде «кедергісіз аумақтар» (пандус, арнайы лифт, арнайы жабдықталған оқитын орындар, арнайы оқу, оңалту, медициналық құрал-жабдықтар және т.б. қосқанда) жасалады. 2011 жылы инклюзивті білім беруге жағдай жасалған мектеп үлесі 18,9% (2010 жылы – 17, 7 %) болды. 2015 жылы туылғаннан 18 жасқа дейінгі 141 952 мүмкіндіктері шектеулі балалар немесе жалпы бала санының 2,8%-ы анықталды. Оның ішінде мектеп жасында – 94266 бала. Анықталған мүмкіндіктері шектеулі балалар 7-12%, әлемдік көрсеткішпен салыстырғанда 2,8%-ды құрайды. Қазіргі уақытта 27% мүмкіндіктері шектеулі балаларды инклюзивті оқыту үшін 30,5% мектепте жағдай жасалған. Осы статистиканы қарастыра отырып, бүгінгі күні Тараз қаласы мектептері бойынша 194 бала әр түрлі диагнозбен инклюзивті оқытумен қамтылған. Білім беру жүйесінде:

– әрбір білім алушының тұлғалық даму траекториясына, даралап оқыту әдістеріне негізделген дербес оқытуды, оны психологиялық-педагогикалық қолдауды және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз ететін инклюзивті білім берудің моделі керек;

– білім берудің икемді, бейімделген оқу бағдарламалары қажет;

– жалпы білім беретін ұйымдарда инклюзивті білім беру үшін кадрлар мен оқу-әдістемелік база толықтырылуы;

– оқыту сапасын мониторингілеу мен бағалау ісін іске асыру, балалардың білімдері мен дағдыларын критериалды бағалау индикаторлардың болуы;

– мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру бағдарламаларының бірізділігі мен сабақтастығында, мүмкіндіктері шектеулі балаларды жұмысқа орналастыруда жүйелі ықпалдастық керек;

– балалардың психикалық және дене даму ауытқуларын ерте айқындау және оларды түзету аса өзекті проблема;

– балалардағы моральдық-психологиялық және әлеуметтік тұрғыда туындайтын проблемаларды жою бойынша алдын алу шаралары;

– инклюзивті білім беруді ақпараттық-кеңес беру тұрғысында қолдаудың ұйымдастырылуы.

Осыдан мына проблемалар пайда болады:

– балалардың білім алу қажеттіліктері жеткіліксіз, нәтижесінде олардың әлеуетті мүмкіндіктері толық жүргізілмеуі;

– әлеуметтік бейімдеудің жеткіліксіздігі салдарынан девиантты мінез-құлықты балалардың саны артуы, содан балалар арасындағы қылмыс, суицид құбылыстары кездесуі.

Инклюзивті оқыту – даму мүмкіндігі шектеулі балалардың қалыпты дамыған балалармен бірге әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы жеңілдетілген оқыту жүйесі. Инклюзивті оқыту мен тәрбиелеу балалардың қандай да бір дискриминациясын болдырмау, барлық балаларға деген теңдік қатынасын қамтамасыз ету, сонымен қатар оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастырудың қажеттігі. Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен бірге білім беруде қиыншылықтар кездесуі – ол көбінесе оларды үйде оқытуды жүргізілумен байланысты. Осы қиындықтарды жеңілдетуде, инклюзивті балалардың қоғамға араласуына мүмкіндіктер жасауда, мүмкіндігі шектеулі балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру қағидалары әзірленуіне байланысты білікті мамандарды қажет етеді. Осы мақсатта бірлестік тьюторларды дайындау, оларды оқыту жұмыстарын қолға алу ісін жүргізуді жоспарлап отыр.

Инклюзивті білім беру – ерекше мұқтаждықтары бар балаларды жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда оқыту құралдары ретінде компьютермен жұмыс істеу тәсілдерін пайдалану қажетігі туындайды. Елбасының «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасына үлес қосу шарасына да үлес қосу деп айтуға болады.

Кез-келген оқыту, мысалы түзете-дамыту жұмыстары көрнекі-тәжірибелік іс-әрекет, ол дегеніміз виртуальдық іс-әрекет деңгейіндегі компьютермен жұмыс істеу. Сонымен инклюзивті білім беру – мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып – үйретудің бір формасы – ақпараттық оқыту.

Жоғарыда атап өткендей мүмкіндігі шектеулі балаларды түзете-дамыта оқытудың жүйесі, яғни инклюзивті білім берудің практикалық әрекеті ғылыми теориямен ұштасып жатса, онда қоғамдағы адамдардың мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға деген көзқарасы дұрыс болар еді. Сонымен инклюзивті білім берудің инновациялық жолдары, компютерлік технология, интербелсенді тақта сияқты білім беруге қажетті жаңа ақпараттық технологиямен қаматамсыз ету. Осындай әдістер болашақта мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беруде оң нәтиже берер еді.

Сонымен қоса, инклюзивті білім беру жағдайында мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуде отбасымен ынтымақтастық жұмысының маңызы да ерекше.

Сонымен қорыта айтқанда, инклюзивті оқыту – білім алушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.

Курс қатысушылары – тьюторлар алған теориялық білімдерін практикалық сабақтарда тәжірибеден өткізеді. Инклюзивті балалар ұжымында толерантты және тең құқылы қарым-қатынасты қалыптастыру үшін тьторлардың көзқарастарын оқыту және тәрбиелеу мақсаты көзделеді.

Жоба мақсаты: Тюьтор орталығын ашу арқылы инклюзивті балаларды қоғам өміріне бейімдеу, өмірге араластыру мақсатында тьюторларды оқыту.

Міндеттері:

– инклюзив балаларды сәби кезінен бастап анықтап, олардың ортаға бейімделуіне жағдай жасау;

– арнайы ұйымдастырылған бағдарламалар арқылы, әр баланың қабілетін анықтап, дұрыс бағыт-бағдар беру;

– балалардың тұлғалық мүмкіндіктерін дамыту;

– «кедергісіз қолжетімді орта» құру және білім алушыларды компенсаторлық құралдарымен қамтамасыз ету;

– инклюзивті білім беруде кадрлық қамтамасыз етуді жақсарту;

– ерекше оқытуды қажет ететін тұлғалардың техникалық және кәсіптік, жоғары білім деңгейлерінде білім алуын жалғастыруына және болашақта кәсіпті игеруіне жағдай туғызу;

– инклюзивті балаларды қоғам өміріне бейімдеу, өмірге араластыру мақсатында тьюторларды оқыту.

Жүзеге асырылуы:

-Коррекционды бөлмелер;

– Техникалық құралдар мен жабдықтар, арнайы мамандар;

– Педагогикалық- психологиялық кеңестер;

– Дефектолог қабылдауы;

– Логопед жұмысы;

– Педагогикалық-психологиялық коррекциалық кабинет;

– Медициналық құрал-жабдықтар;

– Невропатолог қабылдауы.

Күтілетін нәтиже:

– Инклюзивті оқыту арқылы барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеріп, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісін дамытуға болады. Мұндай оқыту түрі арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды, қайта жақындатады.

– Инклюзивті бағыт арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы білім алушыларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу.

– Жаңа оқыту әдістемесі бойынша мүмкіндігі шектеулі балаларды бірге оқыту қажеттілігін тьютор-мұғалімдердің есіне сала отырып, әрбір білім алушы бойында бір-біріне деген құрмет, достық, сыйластық секілді адами құндылықтарды қалыптастыра білу тьюторлардың міндеті.

Қажетті сома: 8 000 000 тг.

Жобаны жүзеге асыру орны:

Жамбыл облысы аудандары, Тараз қ.

Жобаны жүзеге асыру мерзімі: 1 жыл

Жобаның жергілікті қоғамдастықтардың дамуына қосатын үлесі:

Инклюзивті білім беруді қолдау бағытында жалпы ақыл-ой дамуында ауытқуы бар немесе психикалық дамуы тежелген балалар білім алады. Инклюзивті білім беру жағдайында отбасы мен мектепке дейінгі ұйым және мектептің өзара әрекетінің басты қызметтері жанданады. «Өрлеу» педагогтардың біліктілікті көтеру институты тьютор-мұғалімдердің біліктігін көтеру қызметі артады.