Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту

«Денсаулық – зор байлық»

Әлеуметтік жобалар Платформасына қатысуға арналған

ҮЕҰ өтінімі

1. Ұйым туралы ақпарат:

Атауы:

«Қорам клубы» қоғамдық қоры

Пошта индексі:

040437

Облысы:

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы

Елді мекен:

Қорам ауылы

Көше, үй номері:

А.Тойбеков көшесі №54 үй

Телефон (жұм. және ұялы):

8(72776)7-64-73

8(777)236-12-25

Ұйымның тіркелу күні мен орны:

23.07.2013 жыл, Есік қаласы №1390-1907-12Ф-Д

БИН 130740018806

Ұйым жетекшісінің аты-жөні :

Тұяқов Тоқтасын Мусабайұлы

2. Жоба бойынша ақпарат :

Жоба атауы:

«Денсаулық – зор байлық»

Мәселенің сипаттамасы:

Жастар арасында спорт және туризмді насихаттап салауатты өмір сүру дағдысын үйрету үшін кең тарату, дамыту және қолдау, қор қызметінің басты миссиясы болып табылады. Қойылған мақсаттарға жету үшін қор қызметінің мазмұнын келесі бағыттарды жүзеге асырады.

Негізгі: туризм және өлкетану.

Қосымша: Жүгіру, тоғызқұмалақ, шахмат, стол теннисі, футбол, волейбол, баскетбол, күрес сияқты спорт түрлерімен шұғылдану.

Жоба мақсаты:

Балалардың және жастардың бос уақытын мазмұнды өткізу үшін, олардың қызығушылығын зерттей отырып, олардың спортпен, туризммен шұғылдануына жағдай жасау мақсатында әртүрлі топтар құру керек. Ауылдарда мыңнан астам оқушылар және осындай жастар бар.

Жастарды салауатты өмір сүруге үйрету үшін тәжірибиелі мамандарды жұмылдырамыз. Әсіресе , жетім, жартылай жетім, аз қамтылған отбасы сондай-ақ дарынды балаларды арнайы топтарға біріктіріп оларды жорықтарға , жарыстарға дайындаймыз.

Күтілетін нәтиже:

Жоба жүзеге асқан жағдайда ауылда, ауданда балалар және жасөспірімдер бос уақытын тиімді пайдалануға үйренеді. Денсаулығын нығайтады, спорттық көрсеткіштерге ие болады. Білімдерін жетілдіріп, туған өлкеге саяхат жасап, еліміздің көрікті жерлерін аралайды. Жаттықтырушылар, төрешілер, экскурсоводтар кәсіби тәжірбиесін шыңдайды.

Қажетті сома:

2 255 854 ,76т ( Екі миллион екі жүз елу бес мың сегіз жүз елу төрт теңге 76 тиын)

Жобаны жүзеге асыру орны:

Еңбекшіқазақ ауданы, Қорам ауылы, Ақтоған ауылы, Жанашаруа ауылы.

Жобаны жүзеге асыру мерзімі:

6 ай

Жобаның жергілікті қоғамдастықтардың дамуына қосатын үлесі:

Жобаны жүзеге асыруда жергілікті қауымдастықтардың үлесі зор. Үйткені қаржы болған жерде, барлық жоспарланған шаралар толық орындалады. Қордың қаржысының көбеюіне ықпал етеді.Қордың жұмысына қатынасатын белсенділердіңсаны өседі. Нәтижесінде жастардың денсаулығының жақсаруына жағдай жасалады.