Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» сіздерді жаңа жылмен құттықтайды!

Құрметті қазақстандықтар!

Биылғы 2017 жыл біздің Орталық үшін жетістіктер мен табыстарға мол болды. Біз 49 әріптесімізбен бірге 57 грантты сәтті жүзеге асырдық. Аталған жобаларға еліміздің 400 мыңдай азаматы қатысты. Келер жылға да жоспарымыз аз емес.

Сіздерді жаңа 2018 жылдың қарсаңында шын жүректен құттықтаймыз. Жаңа жыл отбасыңызға амандық, ісіңізге табыс, ал елімізге тыныштық пен бақ-береке әкелсін! Ойдағы жоспарыңыз бен діттеген мақсаттарыңыз іске асуына тілектеспіз!

Азаматтық қоғамның дамуына бірге үлес қосайық!

Ізгі ниетпен, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ