Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту

Елімізде алғаш рет ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы табысталды.

Қазақстанда алғаш рет республикалық, өңірлік және салалық деңгейдегі әлеуметтік мәселелерді шешуге қосқан үлестері үшін үкіметтік емес ұйымдар марапатталды. ҮЕҰ-ды қолдауда мұндай маңызды қадамды ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі жасады. Мөлшері 4,5 млн.теңгеден тұратын сыйлықақы берілген 59 ҮЕҰ үшін мемлекет тарапынан көрсетілген бұл қолдау – өз дамуы және жаңғыру жолында серпін берері сөзсіз.

Салтанатты шараға ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Абдықалықова, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев, сондай-ақ ҮЕҰ-мен мемлекеттік органдардың, сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысты.

Байқау қорытындысына сәйкес, 15 номинация бойынша 59 үкіметтік емес ұйым сыйлықақы иегері атанды. ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың айтуынша, үміткерлерді іріктеу үрдісін барынша ашық өткізу үшін әр саланың 66 танымал әрі кәсіби мамандары мен сарапшылары тартылған. Сарапшылар сыйлықақы алуға өтініш білдірген 216 өтінішті талқылап, арасынан үздік 59 ҮЕҰ-ды анықтады.

Сыйлықақыға ілінген ҮЕҰ-дың ішінде «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы»-ның да грант иегерлері болды. Бұл тізімде «Қостанай облысы бойынша Асыл бала» республикалық қауымдастығы, «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы, «SOS Алматының балалар ауылы» мемлекеттік емес білім мекемесі, «Женский луч» қоғамдық қоры, «ЗУБР» әлеуметтік корпоративтік қоры, «Право» қоғамдық қоры, «Қазақстан жастарының конгресі» заңды тұлғалар бірлестігі, «Гуонлён» жастар орталығы» қоғамдық бірлестігі мен «Жанашыр» қоғамдық қоры, сондай-ақ, «Қазақ интернеті» қоғамдық бірлестігі бар.

Өз грант иегерлеріміз бен барша жүлделі болған үкіметтік емес ұйымдарды құттықтап, әрі осы жеңістеріңіз жаңа шыңдарды бағындыруға ынта мен күш берсін деген тілегімізді білдіреміз.