Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту

Ақмола облысында жастарды әлеуметтік қолдау және жұмыспен қамту мәселелері бойынша қоғамдық тыңдаулар өтеді

Ақмола облысында жастарды әлеуметтік қолдау және жұмыспен қамту мәселелері бойынша қоғамдық тыңдаулар өтеді

Өткізу уақыты және орны: 2017 жылдың 10 қараша күні, сағ. 15:00.

Қазақстан жастарының конгресі Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі тапсырысымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес АҚ гранты аясында 2017 жылдың 21 шілдесінен бастап «Жастарды әлеуметтік қолдау және жұмыспен қамту мәселелері бойынша қоғамдық тыңдалымдар» жобасын жүзеге асыруда.

Жоба жоспарына сәйкес 16 қазан мен 16 қараша күндері аралығында Қазақстанның 4 аймағында қоғамдық тыңдаулар өткізіледі. Аймақтар «солтүстік-оңтүстік-батыс-шығыс» жүйесіне сәйкес таңдалады.

2017 жылдың 10 қарашасында сағ. 15:00-де Көкшетау қаласында Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Ақмола облысы және Астана қаласы өкілдерінің қатысуымен қоғамдық тыңдаулар өткізілүі жоспарлануда.

Тыңдауларда «Дипломмен ауылға!», «Жастар тәжірибиесі», «2020-Бизнестің жол картасы», «Серпін-2050» және «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппайкәсіпкерлікті дамыту бағдарлама» мемлекеттік бағдарламалар талқыланады.

Тыңдауларға мемлекеттік органдар қызметкерлері, мемлекеттік емес және бизнес өкілдері, қоғамдық кеңестер мүшелері, маслихат депутаттары және мемлекеттік бағдарламалардың қатысушылары қатысады.