Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту

27-28 қазан күндері «Әлеуметтік журналистика мектебі» вебинар өткізеді

27-28 қазан 2017 жылы «Әлеуметтік журналистика» тақырыбында вебинар өтеді. Іс-шараның ұйымдастырушысы Change Lab» Жеке Қоры. Іс-шараның басты спикері Әуесбай Қанат (Қазақстан), БАҚ, саяси коммуникация, PR саласындағы маман. Филология ғылымдарының кандидаты, Л.Гумилев ат. ЕҰУ доценті, ҚР Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиаты. «Қазақстан» телеарнасындағы интеллектуалды телевизиялық ойынының сценарий авторы және жүргізушісі. Вебинар қазақ тілінде 27 және 28 қазан 2017 жылы сағат 19:00-де өтеді.

Бұл іс-шара ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ «Азаматтық журналистика мектебін ұйымдастыру арқылы азаматтық сектор қызметін жариялауда бұқаралық ақпарат құралдарының әлеуетін арттыру» мемлекеттік гранты шеңберінде жүзеге асырылады.

Мектептің мақсаты: әлеуметтік медиа саласында жаңа білім алу мен тәжірибесіне қызығушылық білдірген барлық тұлғаларды оқыту, сонымен қатар, тәуелсіз авторлық шолу мен мақалалар, блог жүргізу, агитациялық билбордтар мен лифлеттерді, әлеуметтік вирусты роликтер, әлеуметтік желі, әлеуметтік мультипликация, роликтердің скэтчін жасау, фандрайзингтік компаниялардың жеке әлеуметтік каналын, беттерін жүргізу.

Егер Сіз Вебинарға қатысуға қызығушылық танытсаңыз, өтініш, келесі сілтемені пайдаланыңыз: http://m.mirapolis.ru/m/miravr/4698459839

Барлық қосымша сұрақтар бойынша келесі контактілер арқылы хабарласа аласыздар: Владимир Воронцов, «Change Lab» Жеке қорының Зерттеу мен даму бойынша директоры, моб.: +7 707 114 10 50 немесе почта бойынша: changelabkz@gmail.com