Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту
Сенім
телефондары
+7 (775) 511-07-41 +7 7172 22 13 23

«Мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынастар мен дінаралық келісімнің қазақстандық үлгісін жетілдіру» тақырыбы бойынша грант иегері өзгерді

«Мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынастар мен дінаралық келісімнің қазақстандық үлгісін жетілдіру» тақырыбы бойынша грант иегері өзгерді

2017 жылғы 21 қыркүйекте «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (одан әрі – Орталық) мемлекеттік гранттар конкурсы эксперттік комиссиясының отырысы өткізілді.

Эксперттік комиссия мен Орталықтың қарастыруы нәтижесінде 2 грант беру туралы шешім қабылданды.

Ағымдағы жылдың 20 қазан айында Орталыққа Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2017 жылдың 2 тамыздағы №118 бұйрығымен бекітілген «Үкіметтік емес ұйымдар үшін гранттар берудің қосымша жоспарының «Мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынастар мен дінаралық келісімнің қазақстандық үлгісін жетілдіру» 1-тақырыбы бойынша грант иегері «Жастар үні» Жастар қоғамдық бірлестігінің жобаны келісім-шартта бекітілген мерзімі ішінде жүзеге асыруға мүмкіндігі жоқтығы себебімен жобаны жүзеге асырудан бас тарту туралы №0-033-150 хаты келіп түсті.

2016 жылдың 1 қыркүйегіндегі №3 Қоғамның директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген Эксперттік комиссия туралы Ереженің 2.9 тармағына сәйкес форс-мажор жағдайы, қоғамға расталмаған ақпарат беру және тағы басқа себептер орын алған жағдайда грант тақырыбына сәйкес байқау аясында ең көп балл жинаған ұйым грантты жүзеге асырудан бас тартса немесе шеттетілсе, конкурс нәтижесінде балды көп жинаған келесі ұйым жеңімпаз болып саналады. Орталық комиссияға аталмыш жағдай туралы хабар береді, сонымен қатар комиссияның отырысы қайта өткізілмейді.

Мемлекеттік гранттардың ІІІ конкурсының Эксперттік комиссиясының қорытындысына сәйкес «Жастар Үні» ЖҚБ-нен (563 балл) кейін ең көп балл жинаған «Дінтанушылар конгресі» ҚБ (548 балл) болып табылады.

Осыған орай және эксперттік комиссияның қорытындысына сәйкес Орталықтың Басқармасымен «Мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынастар мен дінаралық келісімнің қазақстандық үлгісін жетілдіру» 1-тақырыбы бойынша грантты «Дінтанушылар конгрессі» ҚБ-не беру туралы шешім қабылданды.