Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту

«Құқығым бар» атты балаларға арналған семинар-тренинг

Қазіргі таңда құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адамның өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтанда заңды білу – заман талабы.

«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» РҚБ жас жеткіншектердің өз құқықтары мен міндеттерін жете біліп, заң саласында сауатты болып өсуін қамтамасыз ету мақсатында қазан айының 23-25 күндері «Құқығым бар» тақырыбында семинар-тренинг өткізеді. Аталған шара ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Балалар және білім, демалыс және мәдени іс-шаралар» гранты аясында ұйымдастырылады.

23 қазан күні «Бақытты бала» Республикалық қоғамдық бірлестігінің сарапшысы Балапанова Зауреш Мукановна «Сен және сенің құқығың», «Бала құқықтары туралы Конвенцияның ережелері» тақырыбында тренинг жүргізсе, 24 қазан күні «Балалар мен жасөспірімдерді құқықтық ағарту» тақырыбында жас дебатер, сертификатталған тренер Бекарыстан Аманжолов өз білімімен бөліседі. Ал 25 қазан күні ҚР Білім және ғылым министрлігі Бала құқықтарын қорғау комитетінде ұзақ уақыт қызмет жасап, қазіргі таңда «Бақытты бала» Республикалық қоғамдық бірлестігінің сарапшысы Құлатай Ысқақ Қашқынбайұлы балаларды комитеттің жұмысымен таныстырып, Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы ақпарат береді.

Аталмыш шараға ұйымның белсенді оқушылары мен Астана қаласы мектептерінің Ұланбасылары қатысады. Барлығы 60-тан астам оқушыны қамтыған іс-шара Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Жастар саясаты департаментінің және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» өкілдері қатысуымен сертификаттар табыстауымен аяқталады.

Іс-шара серіктестері: ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілетті институты, «Бақытты Бала» Республикалық қоғамдық бірлестігі және Астана қаласының Білім басқармасы.