Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту

Бенефициарлармен кездесу – жобаны бағалау мүмкіндігінің ерекше әдісі

2017 жылдың 13 қазан күні Алматы қаласындағы мониторингтік іс-сапар аясында Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Оралмандар қатарындағы жастарды әлеуметтік-мәдени бейімдеу бойынша іс-шаралар» жобасы негізінде бенефициарлармен сұқбат өткізілді. Аталған жоба аясында оралмандар мәселесі талқыланған дөңгелек үстел өткізілген болатын және 24 сағат бойы тікелей желі жұмыс жасайды.

Сұқбатқа келген жастардың басым бөлігі – жоба аясындағы тікелей желі арқылы қоғамдық қорға жүгінген тұлғалар болды. Бенефициарлармен кездесу барысында қоғамдық қордың жұмысы, жоба туралы жастардың пікірі, жобаның жұмысын жетілдіру мақсатындағы ұсыныстары, қоғамдық қордың көрсеткен қызметтерінің сапасы және т.б. мәселелер талқыланды. Қоғамдық қордың жұмысын жастар өте жақсы бағалады, сонымен қатар осындай жобалардың оралман жастарға және олардың әлеуметтік бейімделуіне елеулі ықпалын тигізетіндігін айтып өтті.

Бенефициарлармен өткен сұқбаттың соңы көші-көн басқармасы бас маманының қатысуымен өткен кездесумен жалғасын тапты. Кездесу барысында оралман қатарындағы жастардың әлеуметтік-мәдени бейімдеу бағыттары бойынша әдістемелік құралдың дайындалып жатқандығы туралы және аталған әдістемелік құралда оралман жастар өз сұрақтарының жауабын ала алатындығы туралы хабарланды.

Еліміздің ең жас буыны – жастарға әрқашан мемлекет тарапынан көңіл бөлінген және бұл үрдіс әрқашан жалғасын табатындығы сөзсіз.