Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту

«Қазақ әдебиетінің інжу-маржандары» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді

Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қоры Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының гранттық бағдарламасының аясында «Халықтың ұлттық-мәдени бірлігін сақтаудағы зиялылардың рөлі» тақырыбындағы жобасы аясында «Қазақ әдебиетінің інжу-маржандары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді.

Жиын мақсаты – қоғам зиялыларының қатысуымен Қазақстан халқының мәдени мұрасын сақтау шараларын ұйымдастыру.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында:

«Жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай.

…Бұл – тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйлесімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғырнамасы.» дей келе, «Бұл жұмыста шығармашылық зиялы қауым, оның ішінде Жазушылар одағы мен Ғылым академиясы, университеттер мен қоғамдық ұйымдар үлкен рөл атқаруға тиіс. Біз заманауи мәдениетіміздің қандай өкілдері әлемдік аренаға жол тартуы керектігін анықтап алуымыз керек. Ұлттық мәдениетіміздің озық үлгілерін іріктеп алғаннан кейін шетелдерде оларды таныстыру рәсімдерін өткіземіз. 2017 жыл жер жүзіне мәдениет саласындағы қай жетістіктерімізді көрсете алатынымызды айқындап алу тұрғысынан шешуші жыл болмақ» деді.

Бұл тапсырмалар мемлекеттің және азаматтық қоғамның барлық идеологиялық жұмысының орта мерзімді перспективадағы негізі болды. Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қоры «Халықтың ұлттық-мәдени бірлігін сақтаудағы зиялылардың рөлі» тақырыбындағы жоба аясындағы іс-шараларын осы бағытта жүзеге асыруда. Ең бастысы – бағыт-бағдар анық, жолымыз жарқын.

Жоба аясында 2017 жылғы 20 қыркүйек күні өтетін тақырыптық шаралардың бірі Қазақ әдебиетінің інжу-маржандары тақырыбына арналмақ.

Ұсыныс, пікір білдірем деушілер, жиында сөйлеймін деушілер болса хабарласуына болады.

Өтетін орны: Алматы қаласы, Алтынсарин көшесі, 37. Қазақстан Жазушылары кітапханасы.

Өтетін уақыты: 2017 жылғы 20 қыркүйек күні, сағат 15.00-де.

Хабарласу: 87273036806, 2778129, 87073240176.