Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту

Халықтың ұлттық-мәдени бірлігін сақтау жөнінде

2017 жылғы 10 тамыз күні Алматы қаласында Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қоры Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранттық жобасы аясында «Қазақ этнографиясы салалары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Жиын мақсаты – қоғам зиялыларының қатысуымен Қазақстан халқының мәдени мұрасын сақтау шараларын ұйымдастыру.

Дөңгелек үстел аясында қазақ халқының бейзаттық мұралары, әдет-ғұрып, салт- дәстүрлері, халықтың ұлттық-мәдени бірлігін сақтаудағы зиялылардың рөлі тақырыптары бойынша сұрақтар талқыланды.

Дөңгелек үстелде Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің, ҮЕҰ мүшелері, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің, О.Сүлейменов атындағы әлеуметтік-гуманитарлық білім беру және тәрбие институтының, Қазақ ұлттық әдет-ғұрып салт-дәстүр, Д. Қонаев атындағы Евразиялық заң, Адам ресурстарын дамыту академияларының өкілдері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, қазақ этографиясын зерттеушілері, ақындары қатысты. Барлық қатысушылардың саны 48 болды.