Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы мемлекеттік гранттар конкурсының нәтижелерін жариялайды

Орталық коммуникациялар қызметінде мемлекеттік гранттар конкурсының нәтижелеріне арналған брифинг өтті.

13 шілде 2017 жыл. Астана.

Шараға «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Өтешев, Гумилев атындағы ЕҰУ Журналистика және саясаттану факультетінің теле-радио және жұртшылықпен байланыс кафедрасының доценті, сараптамалық комиссия мүшесі Қанат Әуесбай, «SOS Қазақстанның балалар қалашықтары» бағдарламалық даму жөніндегі ұлттық директоры Мария Чернова, «Қаһарман ұрпақ» қоғамдық қорының президенті Қайрат Елубаев қатысты.

ОКҚ брифингі барысында сараптамалық комиссия мүшесі Қанат Әуесбай: «Үкіметтік емес ұйымдардан келіп түскен өтініштердің көпшілігі толықтыруды қажет етеді. Өтініштерді рәсімдеу тұрғысынан қазақстандық ҮЕҰ-ларды оқыту қажет», – деп атап өтті.

Грант алушылардың бірі – Мария Чернова кез-келген конкурс қорытындысы бойынша өтініштерге талдау жасаудың маңызы туралы әңгімеледі, бұл оларға үшінші талпыныстан кейін мемлекеттік грант алуға көмектесті.

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылғы 30 маусымда Астана қаласында ҮЕҰ-ларға арналған мемлекеттік гранттар бойынша сараптамалық комиссияның отырысы өтті.

Сараптамалық комиссияға гранттар бағытындағы кәсіпқой мамандар кіреді, олардың арасында Парламент депутаттары, БАҚ, үкіметтік емес сектор өкілдері бар.

Сараптамалық комиссияның отырысы аясында 18 грант тақырыбы бойынша 71 ҮЕҰ-дан келіп түскен 93 өтініш қаралды.

Орталық ҮЕҰ-ларға арналған 14 мемлекеттік грантты беру туралы шешім қабылдады.

Қазіргі таңда үкіметтік емес ұйымдар 41 мемлекеттік грантты жүзеге асыруда, гранттар туралы ақпаратты Орталықтың ресми cisc.kz сайтынан табуға болады.

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметінің байланыс телефондары: 8 7172 67 81 86, 8 7172 67 81 84