Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту

Батыс Қазақстан облысында жергілікті өзін-өзі басқару және жергілікті азаматтық қоғам институттарын дамыту арқылы азаматтардың шешімдерді қабылдау үдерісіне қатысуы талқылануда

2017 жылғы 15 маусымда «КАМЕДА» қоғамдық қоры ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты аясында «Бастама жергілікті жерлерде/Инициативы на местах» жобасын жүзеге асыру мақсатында Батыс Қазақстан облысының «Гауһар жолы» қоғамдық бірлестігінің ресурстық (азаматтық) орталығымен серіктесе отырып, «Жергілікті өзін-өзі басқару және жергілікті азаматтық қоғам институттарын дамыту арқылы азаматтардың шешімдерді қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндіктерін кеңейту» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Шараға «Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Орал қаласының ішкі саясат бөлімі, қоғамдық кеңестер, үкіметтік емес ұйымдар және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел аясында қатысушылар жергілікті өзін-өзі басқару дамуындағы үкіметтік емес ұйымдардың рөлі мен орнын, үкіметтік емес ұйымдардардың мемлекеттік органдармен қарым-қатынас мәселелерін талқылады.

«КАМЕДА» ҚҚ атқарушы директоры Махаббат Еспенова дөңгелек үстелдің негізгі спикері болды, ол «Бастама жергілікті жерлерде/Инициативы на местах» жобасының мақсаттары мен міндеттері туралы әңгімеледі, сонымен қатар барлық деңгейдегі билік органдары мен коммерциялық ұйымдар арасында анағұрлым тиімді диалог орнату үшін ресурстық (азаматтық) орталықтар қызметін жандандыру қажеттігін жеткізді.

«Гауһар жолы» ҚҚ төрайымы Г.К.Бисенова Батыс Қазақстан облысындағы ресурстық орталықтардың жұмыс тәжірибесі және әлеуетімен бөлісті.

Орал қаласы қоғамдық кеңесінің төрағасы Р.Бисенғалиев қоғамдық кеңестердің қызметі және жергілікті жерлерде қоғамдық кеңестер соқтығысатын қиындықтар туралы қатысушыларға баяндады.

Дөңгелек үстел нәтижелері бойынша қатысушылар жергілікті жерлердегі халық бастамасы және оларға мемлекеттік органдармен қатар жергілікті азаматтық қоғам институттарының тарапынан да қолдау көрсетудің маңыздылығын атап өтті.

Азаматтық қоғам институттарына қолдау көрсету жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту арқылы шешімдерді қабылдау үдерісінде азаматтардың белсенді ұстаным қалыптастыруына көмектеседі.