Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Кез-келген сыбайлас жемқорлық көрінісіне төзімсіздік атмосферасын қалыптастыру және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру» мемлекеттік гранты аясында 2017 жылғы 16 маусымда «Жаңару» республикалық қоғамдық бірлестігінің Астана қалалық филиалының өкілдері «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының орындалу мәселесі бойынша Астана қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының ұжымымен кездесу ұйымдастырды.

Кездесу азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік саясатқа тарту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет енгізу арқылы қоғамның сыбайлас жемқорлықты қабылдамауын қалыптастыру мәселелеріне арналды.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушыларға сыбайлас жемқорлық әрекетінің теріс нәтижелері мен оның адам тағдырына ықпалын айқын байқататын «Заң алдында бәрі тең» атты бейнеролик көрсетілді.

Осы жоба аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптарға қоғамдық тыңдаулар ұйымдастыру, семинарлар өткізу, кеңестер беру және лекциялар оқу көзделгенін естеріңізге саламыз.

Жобаны жүзеге асыру нәтижелері бойынша мемлекеттік органдар, ұйымдар мен лауазымдық тұлғаларға арналған ұсынымдар әзірленеді.

Жоба Қазақстанның барлық аймақтарын қамтиды.

2017 жылдың күзінде Астана қаласында мүдделі органдар, жоба қатысушылары мен серіктестерінің қатысуымен қорытынды дөңгелек үстел өткізу жоспарланып отыр.