Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту

Адам құқықтарын қорғау мәселелері бойынша үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекет арасындағы өзара іс-қимыл жөнінде семинар өтті

«Еуразия құқық қорғау орталығы» үкіметтік емес ұйымы 2017 жылғы 19 мамырда «Адам құқықтарын қорғау мәселелері бойынша үкіметтік емес ұйымдарының мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл деңгейін жоғарылату» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Семинар Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Адам құқықтарын қорғау мәселелері бойынша үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл деңгейін жоғарылату» мемлекеттік грантын жүзеге асыру аясында өткізілді.

Семинар-тренингте «Парламентаризмді дамыту қоры» ҚҚ президенті З.К.Батталова, «Қазақ әлеуметтік академиясы» ҚҚ президенті, э.ғ.к. А.К.Қасенова, «Еуразия құқық қорғау орталығы» ЖҚ президенті, з.ғ.д., ХАА академигі Е.Н.Нұрғалиева, «Еуразия құқық қорғау орталығы» ЖҚ өкілі, з.ғ.д., профессор Ж.Д.Бусурманов баяндама жасады.

Семинарда мемлекет пен ҮЕҰ арасындағы қарым-қатынастың тиімді механизмдерін әзірлеу, қоғамдық секторды сапалы түрде ұйымдастырушылық-практикалық қолдаумен байланысты мәселелер талқыланды. Бұл ретте Қазақстан Республикасында үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттің өзара іс-қимылы жөніндегі 2016-2020 жж. арналған ұлттық жоспарды жүзеге асырудағы жеке аспектілерге ерекше назар аударылды, оны мемлекеттік органдар тарапынан үйлестіру және бақылау бес бағыт бойынша жүргізіледі: жүйелі қоғамдық мониторингті дамыту; жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға үкіметтік емес ұйымдардың қатысуы; мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы салалық ынтымақтастықты әрі қарай кеңейту; қайырымдылық мәдениеті мен әлеуметтік жауапкершілікті дамытудағы ҮЕҰ рөлі; халықаралық және шетелдік ҮЕҰ-лармен өзара іс-қимыл.

Сонымен қатар талқылау барысында жобалардың тақырыптарын іріктеу үдерісіне ҮЕҰ-ларды тарту мақсатында орталық және жергілікті органдар өткізетін бірқатар жүйелі шараларды жүзеге асыру, сондай-ақ әлеуметтік жобалардың салалық бағыттылығын кеңейту мәселелері қарастырылды. «Азаматтық лоббизмнің» теориялық және практикалық проблемалары, «Үкіметтік емес ұйымдардың лоббисттік қызметі туралы» заңды әзірлеу және ҚР Парламенті тарапынан қабылдану мүмкіндігі талқыланды.