Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту

«Азаматтық бастамаларды қорғау орталығы» КЕАҚ ҮЕҰ-ды мемлекеттік гранттардың қоғамдық мониторингін жүргізу бойынша әдістемесін әзірлеу үшін жұмыс тобына шақырады!

«Азаматтық бастамаларды қорғау орталығы» КЕАҚ ҮЕҰ-ды мемлекеттік гранттардың қоғамдық мониторингін жүргізу бойынша әдістемесін әзірлеу үшін жұмыс тобына шақырады!

«Азаматтық бастамаларды қорғау орталығы» КЕАҚ (ары қарай – АБҚО) ҮЕҰ, сарапшы қоғамдастықтар, бастамашыл топтардың өкілдерін қоғамдық бақылауды дамыту мақсатында мемлекеттік гранттардың қоғамдық мониторингін жүргізу бойынша әдістемесін әзірлеуге қатысуға шақырады.

Кәсіби қоғамдық мониторингті дамытудың маңыздылығын түсіне отырып, АБҚО оны жүргізу әдістемесін әзірлеуді жоспарлайды, бұл оны жүргізудің жалпы қағидалары мен тәсілдемелерінен тұратын болады. Осыған орай АБҚО мемлекеттік гранттардың қоғамдық мониторингін жүргізу бойынша әдістемесін әзірлеу үшін жұмыс тобын құруға бастамашылық жасайды.

Барлық тараптардың мүдделері көрсетілуі мақсатында, АБҚО жұмыс тобына кіруге келесі өкілдерді шақырады

– АБҚО ҮЕҰ-грант алушылары;

– АБҚО конкурсына қатысқан, бірақ грант алмаған ҮЕҰ;

– басқа ҮЕҰ;

– грант беруші ұйымдар;

– басқа сарапшы қоғамдастықтар.

Жұмыс тобы мүшелерін іріктеу белгілері:

– әлеуметтік жобаларды іске асыру тәжірибесі кем дегенде 3 жыл (50%)

– мониторинг пен бағалауды жүргізудегі теориялық білімдер мен практикалық дағдылар (50%)

Жұмыс тобы 12-15 адамнан тұратын болады, 50% ҮЕҰ өкілдерінен және 50% АБҚО өкілдерінен

Өтінім пішімі:

Толық түйіндеме

Үміткердің жоғарыда аталған критерийлерге сәйкес келуін сипаттайтын уәждемелік хат

Кепілдеме берушілердің байланыстары

Ұсыну мерзімі және байланысу ақпараттары:

Хатта «Қоғамдық мониторинг» тақырыбы көрсетілген өтінімдерді 2017 жылдың 20 сәуіріне дейін kerimkul@cisc.kz электронды мекенжайға жіберу қажет

Сұрақтарды Каримова Мадинаға, Гранттық жобалар мен бағдарламаларды өткізу департаментінің директорына жолдау қажет + 7 7172 28 02 34, + 7 7172 28 02 49.