Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы мемлекеттік емес ұйымдар үшін ақпараттық жиналыс ұйымдастырады

Гранттық қаржыландыру саласындағы оператор «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы мемлекеттік гранттарды беру бойынша конкурса қатысу шарттарымен таныстырды
Жиналыс барысыныда «Азаматтық бастамаларды дамыту орталығы» КЕАҚ (ары қарай Орталық) қызметкерлері үкіметтік емес ұйымдарды конкурсқа құжаттарды толтыру ережелері мен тапсыру тәртібімен таныстырып, сұрақтарына жауап берді. Аймақтық мемлекеттік емес ұйымдар видеоконференцбайланыс арқылы жиналысқа қатысты, сонымен қатар, қоғам белсенділерінің сұрақтары тікелей эфир жүргізілген әлеуметтік желі арқылы қабылданды. Орталық жариялаған мемлекеттік грантарды үлестіру бойынша конкурса құжақ жинау 2017 жылдың 2 ақпанына дейін жалғасады. Қазақстанның МЕҰ мәліметтер базасында тіркелген кез-келген ұйым грант иегері атана алады.
Жиналыс алдында «Азаматтық бастамаларды дамыту орталығы» КЕАҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Өтешев азаматтық қоғам өкілдерінің мемлекеттік гранттық қаржыландыру сомасының өскендігіне назарын аударды: «13 қаңтар күні Азаматтық бастамаларды дамыту орталығы 2017 жылғы гранттарды үлестіру бойынша конкурсты жариялаған болатын. Осы жылы мемлекет гранттар саны мен гранттық қаржыландыруды да көбейтті. Егер 2016 жылы іске асырылған он бір жобаның жалпы сомасы 200 млн теңгені құраса, осы жылы гранттар қырық жеті тақырып бойынша, жалпы сомасы 617 млн 508 мың теңгені құрайды. Тақырыптар қоғамның бүгінгі күндегі ең маңызды мәселелерін қамтиды, нақтырақ айтсақ, балалардың құқығын қорғау, гендерлік мәселелерді шешу, қоғамның әлеуметтік қорғалмаған тап өкілдерін қолдау, азаматтық сектордың рөлін арттыру, қоғамдық келісім мен ұлтаралық татулықты дамуты және дін бағытындағы өзекті мәселелер»