Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту

АБҚО мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу бойынша ақпараттық-түсіндірме кездесуін өткізеді

2017 жылдың 20 қаңтар күні, сағат 11.00, Астана қаласы, Қонаев көшесі 12/4 мекен-жайы бойынша орналасқан «Нұр Отан» партиясының Орталық аппараты мәжіліс залында АБҚО мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу бойынша ақпараттық-түсіндірме кездесуін өткізеді.
2017 жылы әлеуметтік жобаларды іске асыруға 612 млн 508 мың теңге көлемінде мемлекеттік грант бөлінген. Аталмыш гранттар 11 бағыт бойынша, 47 жобаны іске асыруға арналған. Гранттар қоғамның өзекті мәселелеріне шешуге арналған жобалар, олардың ішінде балалардың құқығын қорғалуын зерттеу, қоршаған ортаны қорғау, гендерлік мәселелер және тағы басқалар.
БАҚ аккредитация үшін info@cisc.kz электронды жәшігіне журналистің аты-жөні мен байланыс телефонын жазыңыз.