Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Сайттың бұрынғы нұсқасына өту

SK TRUST-пен меморандумға қол қойылды

«SAMRUK-KAZYNA TRUST» корпоративтік қоры және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы әрбір тараптың күш-жігерін біріктіру арқылы Қазақстан Республикасының азаматтық қоғамын дамытуда ынтымақтастық мақсатында меморандумға қол қойды.

Меморандумның негізгі тақырыптары бірауыздан анықталды:

  • Қосарлы қаржыландыруды болдырмау үшін қызмет бағыттары мен іске асырылатын әлеуметтік жобаларды бірлесіп жоспарлау;
  • Әлеуметтік жобаларды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу және бағалау саласындағы ҮЕҰ әлеуетін арттыру;
  • ҮЕҰ тұрақтылығын қамтамасыз етудің тиімді тәсілі ретінде әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту;
  • Тараптардың әлеуметтік жобаларын ақпараттық және талдамалық қолдауды қамтамасыз ету;
  • Әлеуметтік жобаларды қолдау үшін бірлескен әлеуметтік, ақпараттық, қайырымдылық іс-шаралар өткізу.