Қайрымдылық іс-шаралар ұйымдастыру және оған қоғамдағы әлеуметтік сананы қалыптастыру

Әлеуметтік жобалар Платформасына қатысуға арналған ҮЕҰ өтінімі

1.Ұйым туралы ақпартат

Атауы: «Мүшелтой» балалар мен жасөспірімдер клубы» қб

Пошта индексі: 040000

Облыс: Алматы

Елді мекен: Талдықорған қаласы

Көше, үй номері: «Мүшелтой» ықшам ауданы

Телефон (жұм. және ұялы):8(7282)300219. 87017204721 E-mail: Kdania@mail.ru

Ұйымның тіркелу күні мен орны: 20.03. 2006 ж. Алматы облыс әділет департаменті

Ұйым жетекшісінің аты-жөні: Қыдырбаева Дания Сәлімбаевна

2. Жоба бойынша ақпарат

Жоба атауы: «Қайрымдылық іс-шаралар ұйымдастыру және оған қоғамдағы әлеуметтік сананы қалыптастыру»

Мәселенің сипаттамасы: Халықтың тұрмыс деңгейін көтеру, адамдардың әл-ауқаты мен өмір сүру жағдайын ұдайы жақсарта түсу мемлекетеміздің әлеуметтік-экономикалық саясатының басым бағыты. Қазіргітаңда осы бағытта мемлекет, бизнес, қоғамдық қорлар, жеке азаматтар маңызды рөл атқаруда. Әсіресе, білім саласында ұйымдастырылып жатқан қайрымдылық іс-шаралар шексіз. Қазақстан Республикасының 2007жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңын іске асыру мақсатында әлеуметтік жағынан қорғалмаған және күнкөрісі төмен отбасыларынан шыққан оқушыларға қаржылай және материалдық көмек ұдайы жүргізілуде.

Осыған қарамастан, көмекке мұқтаж көп балалы, әлеуметтік тұрмыс жағдайы өте төмен, аз қамтылған отбасы, жетім балаларының саны жылдан-жылға өсуде.

Менің 20 жылдық іс-тәжірибемде өкінішке орай, дені сау «тұрақты жұмыс жоқ» деген себептермен,еденжуу, көше тазалау сияқты жұмыстарды ұсынған күндебармай, балаларының жәрдем ақысымен күн көріп отырған отбасыларын кездестірдім.«8 балаламды мемлекет үшін тудым, ауылдан ажырасып көшіп келдім, маған үй беріңдер, мектепке жібермеймін» деп міндетсінген, балаларының құқықтарын бұзған ананы өз көзіммен көрдім.

«Жағдайы өте төмен» деп мектеп ұсынған отбасына бір үйдің жабдығын, көлік жалдап апарған кезде, үйде әкесінің де, анасының да тепсе темір үзетін, қол аяқтары балғадайжастары 40-тан аспаған дені сау жандарды көргенде көмек ұсынып отырған жанымдағы адамдардан ұялғанымнан «бұлар жәй ағайындары екен» деп өтірік айтуыма тура келді.

Сондықтан, әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларын анықтау кезінде нақты фактілерге жүгініп, дұрыс анықтау қажет.

Ата-аналар балаларын дүниеге әкелгенен кейінтолық отбасын сақтай отыра оларды оқыту, тәрбие беру, өсіріп-жеткізу үшін қажетті материалдық жағдай жасау, балаларын жас кезінен еңбекке баулып, өзін-өзі қамтамасыз ету жолдарын үйрету ата-ананың басты міндеті екенін және өздерінің жауапкершілігін өз мойындарына алуқажеттілігін түсіндіру қажет пе деген ой туындайды.

Көңіл аударатын үлкен мәселе, қандайда болмасынкөмек көрсету барысында суретке түсіріп оны БАҚ беттерінде жариялау, телеарнадан көрсету дұрыс емес және

ол өсіп келе жатқан жастардың санасының қалыптасуына кері әсерін тигізеді. Бірі-тұтынушылық, екіншісі –намыстанып өзін-өзі бағалауы төмендеп ұяң мінез қалыптасады.

Біздің аула клубында 2010 жылы ашылған «Қайырымдылық қабылдау орталығы» әлеуметтік қызметі қалатұрғындарынан киім-кешек, басқадай да тұрмысқа қажетзаттар жинап, оны мұқтаж жандарға таратып отырады. Жылына 150-ге жуық тұрмыс-жағдайы төмен отбасы балаларының әлеуметтікжағдайын зерттеп, оларға заттай, медициналық, психологиялық көмек ұйымдастырады. Қайрымдылықакцияларын ұдайы өткізіп тұрады. Жылда «Мектепке жол» акциясына қатысып үлесін қосуда.Өткен Құрбан айт мерекесіне орай 12аз қамтылғанкөпбалалы отбасыларына(125 кг ет, 50 кг ұн, 25 кг күріш, май), 6 балағаақшалай 30-40 мыңнан (220 000 теңге)демеуші тауып көмек көрсетті. «Қабылдау пунктінен»41 балаға киім-кешек, ұстанымда болған үй жихаздары берілді. Қазіргі таңда осы қабылдау орталығы қолдау күтеді. Атап айтқанда, кір жуатын машина, ұнтақтар, кір кептіргіш, үтік, заттарды апарып беретін кезде көлік жалдауға және хабарландырулар беруге ақшалай қаражат керек.

Балалардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру, әлеуметтік жағдайы төмен балаларға көмек көрсету, оларды оқшауламау керектігін, кішіпейілділікке, бауырмалдыққа баулу, толеранттық көзқарас қалыптастыру бағытында көптеген жұмыстар жүргізу қажет.

1.Жоба мақсаты: Аз қамтылған әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, материалдық көмек көрсету, қоғамдағы әлеуметтік сананы қалыптастыру.

Міндеттері:

1. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларын «Мүшелтой» аула клубының тегін үйірмелеріне тарта отырып, олардың жан-жақты дамуына ықпал ету.

2.Мүшелтой аула клубының киім-кешек және тұрмысқа қажет заттарды жинау орталығының жұмысын жандандыру.

3. Аз қамтылған отбасы балаларының әлеуметтік жағдайын зерттеу.

4. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді бойына дарыту бағытында тренингтер өткізу.

5. Ата-аналармен психологиялық,құқықтық сауаттарын ашу және жауапкершілігі мен міндеттерін сезінетін бағыттарда семинар, тренингтер жүргізу.

6. Қайырымдылық акцияларын ұйымдастыру.

7. Жаңа жыл, т.б. мерекелік іс-шаралар ұйымдастыру.

Күтілетін нәтиже:Біздің аула клубымыздың Қайырымдылық қабылдау орталығыныңматериалдық- техникалық жағдайы түзелу нәтижесінде, материалдық көмек алушылардың саны артады.

Тренингтер барысында балалардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру, әлеуметтік жағдайы төмен балаларға көмек көрсету жасөспірімдерді кішіпейілділікке, бауырмалдыққа, сыйластыққа, жомарттыққа, адамгершілікке тәрбиелейді.

Ата-аналарға жан-жақты психологиялықкөмек көрсету арқылы ата-аналардың басына түскен ауыртпашылық азайып, бала тәрбиесіндегі белсенділіктеріартады, сенімділік туады, құқықтық сауаттарыашылады, немқұрайдылығы, олардың писсимистік, тұтынушылық көзқарасыазаяды. Балаларына көбірек уақыт, көңіл аударатын болады. Көбінематериалдық көмек жағынақызығушылығы азаяды.Өздерініңбалаларының өміріне мемлекет немесе басқалар жауапты жәнежағдай жасауғаміндетті деп өздерінің жауапкершілігін толығымен басқаларға аударуға тырысатын ата-аналар саны төмендейді

Қажетті сома: 3 000 000 тенге.

кір жуатын машина, ұнтақтар, кір кептіргіш, желдеткіш, үтік, заттарды апарып беретін кезде көлік жалдауға және БАҚ арқылы хабарландырулар беру, үйірме жұмыстарына (домбыра, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, қолөнер, би, драма, қуыршақ, футбол), тренинг, семинарлар, акциялар, мерекелік іс-шаралар өткізуге.

Жобаны жүзеге асыру орны: Талдықорған қаласы, ұсыныстар түскен жағдайда облыс көлемінде.

Жобаны жүзеге асыру мерзімі: Шілде- қараша 2018 ж. Үзіліссіз, ұзақ мерзімде жалғасын табады.

Жобаның жергілікті қоғамдастықтардың дамуына қосатын үлесі:

Халықтың өмірін жақсарту үшін жергілікті қоғамдастыққа көмектесудің маңыздылығын мойындай отыра Жоба әлеуметтік тұрмыс жайдайы нашар отбасыларының өмірін жақсатртуға шынайы үлесін қосады. Материалдық , психологиялық көмеккөрсету

арқылы ата-аналардың басына түскен ауыртпашылықтарын жеңілдейді, бала тәрбиесіндегі белсенділіктеріартады. Балалардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру, әлеуметтік жағдайы төмен балаларға көмек көрсету жасөспірімдерді кішіпейілділікке, бауырмалдыққа, сыйластыққа, жомарттыққа, адамгершілікке тәрбиелейді.

Қалада балалардың бос уақытын ұйымдастыратын мәдениет мекемелері қала балаларын толық қамтымайды, көбісі ақылы. Ал, біздің тегін түрлі үйірмеге қатысу баланың дамуына жағымды ықпал етеді. Баланың тілі дамып, қолының ептілігі жетіледі, көпшілікпен араласып мінезі ашылады, өз бетінше әрекет етуге талпынады, басқа да арнайы білік, дағдыларды меңгереді. Мұндай балалар ересек өмірге де оңай бейімделеді.

Документы