Қазақстанда өңірлік ҮЕҰ үшін қоғамдық бақылау жүйесін дамытуға арналған шағын гранттар байқауы басталды. 60 үздік жоба 500 мың теңгеден қаржылай қолдау алады.
Бұл туралы «Қоғамдық бақылау жүйесін дамытуға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» жобасын іске асыру жөніндегі баспасөз мәслихатында Қазақстанның Азаматтық альянсының директоры Алибек Тәжібаев мәлімдеді.
Спикердің айтуынша, конкурс 2021 жылғы 21 мамырға дейін жалғасады, ал шағын гранттар конкурсының ережелері Қазақстанның Азаматтық альянсының әлеуметтік желілерінде жарияланған.
Сонымен қатар, баспасөз мәслихатына ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының басқарма төрайымы Лима Диас және Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева қатысты.
Өзінің құттықтау сөзінде Мадияр Қожахмет азаматтық қоғам институттарының қалыптасуы қоғамдық бақылау институтының кеңеюімен қатар жүріп жатқанын атап өтті. «Мемлекеттік органдардың бақылау қызметін алмастырмай, қоғамдық бақылау мемлекеттік саясатты іске асыруда оларға баға жетпес көмек пен қолдау көрсете алады», – деді ол.
Лима Диас қоғамдық бақылау жұмысына халықтың белсенді қатысуын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.