Қағидаларда көзделген талаптарға және «Атырау облысының ішкі саясат басқармасы» ММ мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесінің сәйкестігіне өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша қорытынды

Қағидаларда көзделген талаптарға және «Атырау облысының ішкі саясат басқармасы» ММ мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесінің сәйкестігіне өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша қорытынды

Жобаларды басқару департаменті 2023 жылғы 27 қаңтарда «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ (бұдан әрі –Оператор) жариялаған «Атырау облысының ішкі саясат басқармасы» ММ (бұдан әрі – ҮЕҰ)  мемлекеттік гранттар беру конкурсының нәтижелері бойынша 15 ҮЕҰ-дан 19 өтінім түскенін хабарлайды, оның ішінде мемлекеттік тілде – 9 ҮЕҰ-дан 11 өтінім, орыс тілінде – 6 ҮЕҰ-дан 8 өтінім. 

Өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 26 сәуірде Астана қ. уақыты бойынша сағат 18-30-да аяқталды.

А.ж. 15 мамырда Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №406 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, ұсыну, мониторингілеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының талаптарына және мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесінің сәйкестігіне өтінімдерді тексеру аяқталды, оның ішінде:

  • өтінім осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда;
  • өтінім мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкес келмегенде;
  • өтініш берушінің жарғылық мақсаты мемлекеттік гранттың басым бағытына сәйкес келмегенде;
  • Заңның 6-1-бабының 4-тармағына сәйкес Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында өтініш беруші туралы мәліметтер болмағанда;
  • егер өтініш беруші тарату процесінде болса;
  • егер өтініш беруші банкрот деп танылса;
  • егер өтініш берушінің атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі бар болса;
  • егер өтініш беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде тұрса;
  • егер өтініш берушінің мүлкіне тыйым салынса;
  • егер өтініш берушінің экономикалық қызметі тоқтатыла тұрған болса;
  • егер өтініш берушінің басшылары, құрылтайшылары мемлекеттік органның және (немесе) оператордың уәкілетті адамдарының жұбайы (зайыбы), жақын туыстары, жекжаттары болып табылса;
  • егер өтініш берушінің басшылары, құрылтайшылары террористік әрекетке қатысы бар адамдардың тізіміне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілген болса.

Конкурсқа қатысуға жіберілген Қағидалардың 40-тармағына сәйкес өтінімдер сараптамалық бағалауға жіберілетін болады.Конкурсқа қатысуға жіберілген үкіметтік емес ұйымдардың өтінімдерін бағалауды және грант алушыларды айқындауды сараптау комиссиясы жүзеге асырады.

Өтінішті қарау нәтижелері бойынша оператор шешім қабылдады:

1) мемлекеттік грант беру конкурсына қатысуға рұқсат беру туралы:

Мемлекеттік гранттың саласыМемлекеттік гранттың басым бағытыІске асыру мерзіміҰйымның атауы
1Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдауСтуденттік өзін-өзі басқару органдарын қолдау мен дамытудың тиімді тұтас жүйесін құруҚысқа мерзімдіОбъединение юридических лиц «Казахстанская Ассоциация Даму»
2Қысқа мерзімді«Жастар таңдауы-Атырау» қоғамдық бірлестігі
3Жастардың белсенділігін дамыту және олардың бастамаларына қолдау көрсету үшін коворкинг-кеңістік құруҚысқа мерзімді«Құлсары Жастары» қоғамдық бірлестігі
4Қысқа мерзімдіОбщественный Фонд «Золотое Время»
5Ауыл жастарын ауылдық аумақтарды дамытуға тартуҚысқа мерзімді«Құлсары Жастары» қоғамдық бірлестігі
6Қысқа мерзімдіОбщественный фонд ««Qabіlet»
7Қысқа мерзімді«Әділ Өмір» қоғамдық бірлестігі
8Қысқа мерзімді«JARQYN BOLASHAQ» Жастар Қоғамдық бірлестігі
9Қысқа мерзімді«Атырау облысы «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігі
10Ақпараттық технологиялар құралдары бойынша жастардың шығармашылық әлеуетін және ақпараттық-коммуникативтік қабілеттерін дамыту.Қысқа мерзімдіЧастное учреждение «Институт общественного здравоохранения»
11Қысқа мерзімдіЖастарды қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігі
12Қысқа мерзімді«Ақсұңқар» қоғамдық Қоры
13Қысқа мерзімдіОбъединение юридических лиц «Казахстанская Ассоциация Даму»
14Қазіргі заманғы музыканы құратын және орындайтын жас талантты музыкалық топтарды қолдауҚысқа мерзімдіЧастное учреждение «Институт общественного здравоохранения»
15Қысқа мерзімдіОбщественное объединение «Фонд молодежи «Рауан»
16Атырау облысы жастарының зияткерлік білім деңгейін арттыруҚысқа мерзімдіЖастарды қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігі
17Қысқа мерзімдіОбщественного объединение «Эра-KZ»
18Қысқа мерзімді«Жеті Жарғы» қоғамдық қоры

2) төмендегі өтініш берушілерге мемлекеттік грант беруге арналған конкурсқа қатысудан бас тарту туралы (барлық өтініш берушілерге бас тарту себептерін негіздей отырып, тиісті хабарламалар жіберілді):

ОблысыМемлекеттік гранттың басым бағытыІске асыру мерзіміҰйымның атауы
1Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдауЖастардың белсенділігін дамыту және олардың бастамаларына қолдау көрсету үшін коворкинг-кеңістік құруҚысқа мерзімді «Айқын Болашақ» Қоғамдық Қоры

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ

Документы