Мемлекеттік емес гранттар конкурсын өткізу туралы Ереженің 3.6.1-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкестігіне өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша қорытынды.

Мемлекеттік емес гранттар конкурсын өткізу туралы Ереженің 3.6.1-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкестігіне өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша қорытынды.

Мемлекеттік емес гранттар конкурсын өткізу туралы Ереженің 3.6.1-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкестігіне өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша қорытынды.

Жобаларды басқару департаменті осымен «EcoBatys 2.0» әлеуметтік жобасын іске асыру шеңберінде үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік емес гранттар беру конкурсының қорытындысы бойынша «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ (бұдан әрі – Оператор) 2023 жылғы 16 қаңтарда 31 ҮЕҰ-дан 30 өтініш, оның ішінде мемлекеттік тілде – 13 ҮЕҰ-дан 12 өтініш, орыс тілінде 18 ҮЕҰ-дан 18 өтініш түсті.

Өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 30 ақпанда Астана қ. уақыты бойынша сағат 18-30-да аяқталды.

А.ж. 06 ақпанында өтінімдердің конкурс өткізу туралы Ереженің 3.6.1-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкестігін тексеру аяқталды, оның ішінде:

  • «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мен сыйлықақылар туралы» ҚР Заңының 5-1-бабына сәйкес Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында мәліметтері қамтылған;
  • тіркелген сәттен бастап кемінде 3 ай әрекет етіп келген;
  • өтінімге сай мемлекеттік емес грантты іске асыру өңірінде (Батыс Қазақстан, Атырау немесе Маңғыстау облысы) орналасқан және/немесе сонда филиалдары бар;
  • тарату процесінде тұрмаған, банкрот деп танылмаған;
  • атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі жоқ;
  • мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінде тұрмаған;
  • мүлкіне тыйым салынбаған;
  • экономикалық қызметі тоқтатылмаған;
  • басшылар, құрылтайшылар террористік қызметке қатысы бар адамдардың тізіміне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілмеген;
  • басшылар, құрылтайшылар тапсырыс берушінің және (немесе) оператордың уәкілетті адамдарының жұбайы (зайыбы), жақын туыстары, жекжаттары болып табылмайтын;
  • мемлекеттің және (немесе) мемлекеттік органдардың ұйымның жарғылық капиталына тікелей немесе жанама қатысуы жоқ;
  • құрылтайшылар мемлекеттік/квазимемлекеттік және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері болып табылмайтын, сондай-ақ құрылтайшылар мен қызметкерлер арасында саяси маңызы бар адамдар жоқ;
  • ұйымның бірінші басшылары мен құрылтайшыларында соттылық, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, сондай-ақ ұйымның алдыңғы шарттық міндеттемелерін жосықсыз орындау фактілері жоқ.

Конкурсқа қатысуға жіберілген үкіметтік емес ұйымдардың өтінімдерін бағалауды және грант алушыларды айқындауды сараптау комиссиясы жүзеге асырады.

Өтінішті қарау нәтижелері бойынша оператор шешім қабылдады:

1) мемлекеттік емес грант беру конкурсына қатысуға рұқсат беру туралы:

ОблысыМемлекеттік гранттың басым бағытыІске асыру мерзіміҰйымның атауы
1АтырауСу ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалануқысқа мерзімдіББК «Беймахис»
2қысқа мерзімдіОФ «Ойыл озені»
3қысқа мерзімдіОФ «Ер Жүректілер»
4қысқа мерзімдіОФ «Ecologica»
5Биологиялық әртүрлілік пен экожүйелерді сақтау және ұтымды пайдалануқысқа мерзімдіОО «Талаптан»
6қысқа мерзімдіОФ «Құрманғазы-Туған жер»
7МаңғыстауСу ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалануқысқа мерзімдіМОО «Түпқараған жастары»
8қысқа мерзімдіНПУ «Эко Магистау»
9қысқа мерзімдіОФ «Луара»
10қысқа мерзімдіОФ «Бейнеу Жаркын Болашак»
11қысқа мерзімдіМОФ «Хазірет»
12Биологиялық әртүрлілік пен экожүйелерді сақтау және ұтымды пайдалануқысқа мерзімдіОбщественное объединение «АСЕР»
13қысқа мерзімдіФонд “Центр изучения и реабилитации каспийского тюленя”
14қысқа мерзімдіОЮЛ Региональная ассоциация НПО Западного казахстана «Табиги Орта»
15Жер ресурстарын қорғау және қалпына келтіру, тұрақты жер пайдалануқысқа мерзімдіЧУ «Центр» Қолдау»
16қысқа мерзімдіЧастный Фонд Мангилик Ел Мангыстау
17қысқа мерзімдіҚазақстан Республикасы Кіші Ғылым Академиясы қоғамдық бірлестігінің Маңғыстау облысының филиалы ҚБ
18қысқа мерзімдіНекоммерческое учреждение “Центрстратегических исследований “GUMOL”
19Батыс ҚазақстанСу ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалануқысқа мерзімдіОО «Шабыт»
20қысқа мерзімдіЗКООО Союз женщин Приуралья Үміт
21қысқа мерзімдіКФ «Болашак ЗКО»
22қысқа мерзімдіЧастный фонд «Фонд содействия научным исследованиям»
23қысқа мерзімдіОбщественный благотворительный фонд «Аялаган алакан»
24қысқа мерзімдіОФ «Медиа білім»
25қысқа мерзімдіОбщественное объединение «XXI ғасыр Батыс әйелдері»
26Биологиялық әртүрлілік пен экожүйелерді сақтау және ұтымды пайдалануқысқа мерзімдіМОО «Интеграл»
27қысқа мерзімдіОрхусский центр ЗКО ЧФ «Green Gaiк»
28Жер ресурстарын қорғау және қалпына келтіру, тұрақты жер пайдалануқысқа мерзімдіБатыс Казахстан Ормандары
29қысқа мерзімдіОФ «Медиа білім»

2) төмендегі өтініш берушілерге мемлекеттік емес грант беруге арналған конкурсқа қатысудан бас тарту туралы (барлық өтініш берушілерге бас тарту себептерін негіздей отырып, тиісті хабарламалар жіберілді):

Мемлекеттік грант саласыМемлекеттік гранттың басым бағытыІске асыру мерзіміҰйымның атауы
1МаңғыстауСу ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалануқысқа мерзімдіЧастное учреждение “Гражданское право по Мангистауской области”
2Батыс ҚазақстанБиологиялық әртүрлілік пен экожүйелерді сақтау және ұтымды пайдалануқысқа мерзімдіЧастное учреждение «Молодежный трудовой и строительный отряд «Жасыл ел» по Западно-Казахстанской области»

Берілген өтінімдердің болмауына байланысты «Атырау облысында жер ресурстарын қорғау және қалпына келтіру, тұрақты жер пайдалану» бағыты бойынша «EcoBatys 2.0» әлеуметтік жобасын іске асыру шеңберінде үкіметтік емес ұйымдар үшін мемлекеттік емес гранттар беруге арналған конкурс өтпеді деп танылсын.

Осыған байланысты, көрсетілген бағыт бойынша Оператор «Shell Kazakhstan B.V.» компаниясының филиалымен келісім бойынша қайта конкурс өткізу туралы шешім қабылдады.

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ

Документы