Маңғыстау облысының Ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша конкурсқа өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша қорытынды

Қағидалардың 36, 37 және 39-тармақтарында көзделген талаптарға және «Маңғыстау облысының Ішкі саясат басқармасы» ММ бұйрығымен бекітілген Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттардың 2024 жылға арналған басым бағыттарының тізбесіне сәйкестікке өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша ҚОРЫТЫНДЫ ТҰЖЫРЫМДАУ

2024 жылғы 08 ақпанда «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ (бұдан әрі – Оператор) жариялаған Үкіметтік емес ұйымдар (бұдан әрі – ҮЕҰ) үшін «Маңғыстау облысының Ішкі саясат басқармасы» ММ 2024 жылға арналған қысқа мерзімді мемлекеттік гранттар беру конкурсының нәтижелері бойынша 22 ҮЕҰ-дан 39 өтінім түсті, оның 24-ы мемлекеттік тілде және 15-і орыс тілінде.

Өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 28 ақпанда Астана қаласының уақыты бойынша сағат 18-30-да аяқталды.

Ағымдағы жылғы 13 наурызда Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) талаптарына және Мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкестігіне өтінімдерді тексеру аяқталды, оның ішінде:

1) өтінім Қағидалардың талаптарына сәйкестігіне;

2) өтінім мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкестігіне;

3) өтініш берушінің жарғылық мақсатының мемлекеттік гранттың басым бағытына сәйкестігіне;

4) Заңның 6-1-бабының 4-тармағына сәйкес Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында өтініш беруші туралы мәліметтердің болуына;

5) өтініш берушінің тарату процесінде болу/болмауына;

6) өтініш берушінің банкрот деп танылу/танылмауына;

7) өтініш берушінің атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі бар/жоқтығына;

8) өтініш беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде болу/болмауына;

9) өтініш берушінің мүлкіне тыйым салынған/салынбағанына;

10) өтініш берушінің экономикалық қызметі тоқтатылған/ тоқтатылмағанына;

11) өтініш берушінің басшылары, құрылтайшылары мемлекеттік органның және (немесе) оператордың уәкілетті адамдарының жұбайы (зайыбы), жақын туыстары, жекжаттары болып табылу/табылмауына;

12) берушінің басшылары, құрылтайшылары террористік әрекетке қатысы бар адамдардың тізіміне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілген/енгізілмегеніне тексеру жүргізілді.

Қағидалардың 40-тармағына сәйкес конкурсқа қатысуға жіберілген өтінімдер сараптамалық бағалауға жіберілетін болады.

Конкурсқа қатысуға жіберілген ҮЕҰ өтінімдерін бағалауды және грант алушыларды айқындауды сараптама комиссиясы жүзеге асырады.

Өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша Оператор келесідей шешім қабылдады:

1) мемлекеттік грант беру конкурсына қатысуға рұқсат беру туралы:

Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласыМемлекеттік гранттың басым бағытыГрант түріҰйым атауы
1Азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесуҮкіметтік емес ұйымдар басшыларының тағылымдамаларға қатысуын ұйымдастыру арқылы олардың кәсіби құзыреттерін дамытуқысқа мерзімді«Эко Маңғыстау» үкіметтік емес мекемесі
2«Маңғыстау облысының қоғамды дамыту мәселелері жөніндегі Азаматтық Альянсы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі
3Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға бағытталған жұмыстарды ұйымдастыруқысқа мерзімді«Маңғыстау облысының қоғамды дамыту мәселелері жөніндегі Азаматтық Альянсы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі
4Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруқысқа мерзімді«Айрық» қоғамдық қоры
5«Шуағыңды шаш» қоғамдық бірлестігі
6«Жаңару» Сыбайлас жемқорлыққа Қарсы Жалпыұлттық Қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігі
7«Әсер» қоғамдық бірлестігі
8«ЕКІНШІ РЕСПУБЛИКА» қоғамдық қоры
9Сындарлы диалог қалыптастыру арқылы азаматтық қоғамды дамытуқысқа мерзімді«Айрық» қоғамдық қоры
10«Риза-ана» қоғамдық қоры
11Азаматтық бастамаларды қолдауқысқа мерзімді«Эко Маңғыстау» үкіметтік емес мекемесі
12«Маңғыстау облысының қоғамды дамыту мәселелері жөніндегі Азаматтық Альянсы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі
13«Қорган-М» қоғамдық бірлестігі
14Қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайтуАймақтағы этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуқысқа мерзімді«Риза-ана» қоғамдық қоры
15«Бала жолы» қоғамдық қоры
16«Шуақты өлке-2050» қайырымдылық қоғамдық қоры
17«Маңғыстау іскер әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі
18«Жоғары жастар кеңесі» қоғамдық бірлестігі
19Білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізуАймақтағы баспасөз және БАҚ өкілдерінің біліктілігін арттыруқысқа мерзімді«Жағымды жаңалық» қоғамдық қоры
20«Эко Маңғыстау» үкіметтік емес мекемесі
21«Жоғары жастар кеңесі» қоғамдық бірлестігі
22«Бақ-Жұлдыз» қоғамдық бірлестігі
23«ЕКІНШІ РЕСПУБЛИКА» қоғамдық қоры
24Мемлекеттік рәміздерді насихаттау арқылы қазақстандық патриотизмді қалыптастыруқысқа мерзімді«JasART » жеке меншік мекемесі
25Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің «Жауынгерлік бауырластық» Ақтау қалалық қоғамдық бірлестігі
26«Әсер» қоғамдық бірлестігі
27Облыс тұрғындарының құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыруқысқа мерзімді«Серғали-Түркістан» аймақтық қоғамдық бірлестігі
28«Риза-ана» қоғамдық қоры
29«Жоғары жастар кеңесі» қоғамдық бірлестігі
30Өңірде сапалы медиа өнімдерді дайындау және контент жасаушыларды қолдауқысқа мерзімді«Эко Маңғыстау» үкіметтік емес мекемесі
31«Боранқұл» командасы» қоғамдық қоры
32«Жоғары жастар кеңесі» қоғамдық бірлестігі
33Отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерд шешуге жәрдемдесуОтбасылық құндылықтарды насихаттау және әйелдердің көшбасшылық әлеуетін арттыруқысқа мерзімді«Әсер» қоғамдық бірлестігі
34«Almaty Nomad» саяхатшылар клубы» қоғамдық бірлестігі
35«Бақ-Жұлдыз» қоғамдық бірлестігі
36«Көмек командасы» қоғамдық қоры
37Отбасындағы тәрбие берудегі әке рөлін нығайтуқысқа мерзімді«Әсер» қоғамдық бірлестігі
38«Жоғары жастар кеңесі» қоғамдық бірлестігі

2) төмендегі өтініш берушілерге мемлекеттік грант беру конкурсына қатысудан бас тарту туралы (барлық өтініш берушілерге бас тарту себептерін негіздей отырып, тиісті хабарламалар жіберілді):

Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласыМемлекеттік гранттың басым бағытыГрант түріҰйым атауыБас тарту себептері
1Білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізуӨңірде сапалы медиа өнімдерді дайындау және контент жасаушыларды қолдауқысқа мерзімді«Қайырымдылық желілік басылым – Қазақстанның Фотоэнциклопедиясы» жеке қорыӨтінім мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкес келмейді

Документы