Маңғыстау облысының Білім басқармасының тапсырысы бойынша конкурсқа өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша қорытынды

Қағидалардың 36, 37 және 39-тармақтарында көзделген талаптарға және «Маңғыстау облысының Білім басқармасы» ММ бұйрығымен бекітілген Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттардың 2024 жылға арналған басым бағыттарының тізбесіне сәйкестікке өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша ҚОРЫТЫНДЫ ТҰЖЫРЫМДАУ

2024 жылғы 07 ақпанда «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ (бұдан әрі – Оператор) жариялаған Үкіметтік емес ұйымдар (бұдан әрі – ҮЕҰ) үшін «Маңғыстау облысының Білім басқармасы» ММ 2024 жылға арналған қысқа мерзімді мемлекеттік гранттар беру конкурсының нәтижелері бойынша 17 ҮЕҰ-дан 26 өтінім түсті, оның 19-ы мемлекеттік тілде және 7-і орыс тілінде.

Өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 27 ақпанда Астана қаласының уақыты бойынша сағат 18-30-да аяқталды.

Ағымдағы жылғы 12 наурызда Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) талаптарына және Мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкестігіне өтінімдерді тексеру аяқталды, оның ішінде:

1) өтінім Қағидалардың талаптарына сәйкестігіне;

2) өтінім мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкестігіне;

3) өтініш берушінің жарғылық мақсатының мемлекеттік гранттың басым бағытына сәйкестігіне;

4) Заңның 6-1-бабының 4-тармағына сәйкес Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында өтініш беруші туралы мәліметтердің болуына;

5) өтініш берушінің тарату процесінде болу/болмауына;

6) өтініш берушінің банкрот деп танылу/танылмауына;

7) өтініш берушінің атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі бар/жоқтығына;

8) өтініш беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде болу/болмауына;

9) өтініш берушінің мүлкіне тыйым салынған/салынбағанына;

10) өтініш берушінің экономикалық қызметі тоқтатылған/ тоқтатылмағанына;

11) өтініш берушінің басшылары, құрылтайшылары мемлекеттік органның және (немесе) оператордың уәкілетті адамдарының жұбайы (зайыбы), жақын туыстары, жекжаттары болып табылу/табылмауына;

12) берушінің басшылары, құрылтайшылары террористік әрекетке қатысы бар адамдардың тізіміне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілген/енгізілмегеніне тексеру жүргізілді.

Қағидалардың 40-тармағына сәйкес конкурсқа қатысуға жіберілген өтінімдер сараптамалық бағалауға жіберілетін болады.

Конкурсқа қатысуға жіберілген ҮЕҰ өтінімдерін бағалауды және грант алушыларды айқындауды сараптама комиссиясы жүзеге асырады.

Өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша Оператор келесідей шешім қабылдады:

1) мемлекеттік грант беру конкурсына қатысуға рұқсат беру туралы:

Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласыМемлекеттік гранттың басым бағытыГрант түріҰйым атауы
1Білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізуАймақтағы мектепке дейінгі және жалпы білім беру ұйымдарындағы кадрлардың біліктілігін арттыруҚысқа мерзімді«Көмек командасы» қоғамдық қоры
2«ТМД-да білім беруді ілгерілету жөніндегі халықаралық қор» қоғамдық қоры
3«Жоғары жастар кеңесі» қоғамдық бірлестігі
4«Жалын PRO» қоғамдық бірлестігі
5Аймақтағы білім беру саласының озық тәжірибелері жөнінде кешенді ақпараттық жұмысты жүргізуқысқа мерзімді«Риза-ана» қоғамдық қоры
6«ТМД-да білім беруді ілгерілету жөніндегі халықаралық қор» қоғамдық қоры
7«Жоғары жастар кеңесі» қоғамдық бірлестігі
8Ерекше білімге қажеттілігі бар балалардың шығармашылық қабілетін дамытуқысқа мерзімді«Көмек командасы» қоғамдық қоры
9«Қолдау» орталығы» жеке меншік мекемесі
10«ТМД-да білім беруді ілгерілету жөніндегі халықаралық қор» қоғамдық қоры
11Аймақтағы жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықты алдын алуқысқа мерзімді«Боевое братство» Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің қоғамдық бірлестігі
12«Серғали-Түркістан» аймақтық қоғамдық бірлестігі
13«7 жұрт» қоғамдық бірлестігі
14Жасөспірімдердің психикалық денсаулығын қалыптастыру және дамытуқысқа мерзімді«Көмек командасы» қоғамдық қоры
15«Айрық» қоғамдық қоры
16«Қолдау» орталығы» жеке меншік мекемесі
17«Әсер» қоғамдық бірлестігі
18Отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесуАймақтағы оқушылар мен олардың ата-аналарының бойында отбасылық-ұлттық құндылықтарды қалыптастыруқысқа мерзімді«Риза-ана» қоғамдық қоры
19«Альянс Женских Сил Мангистау» қауымдастық нысанындағы ЗТБ
20«Жоғары жастар кеңесі» қоғамдық бірлестігі
21«Бәйшешек» қоры
22«Әсер» қоғамдық бірлестігі

2) төмендегі өтініш берушілерге мемлекеттік грант беру конкурсына қатысудан бас тарту туралы (барлық өтініш берушілерге бас тарту себептерін негіздей отырып, тиісті хабарламалар жіберілді):

Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласыМемлекеттік гранттың басым бағытыГрант түріҰйым атауыБас тарту себептері
1Білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізуЕрекше білімге қажеттілігі бар балалардың шығармашылық қабілетін дамытуқысқа мерзімді«Луара» қоғамдық қорыӨтінім мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкес келмейді
2Жасөспірімдердің психикалық денсаулығын қалыптастыру және дамытуқысқа мерзімді«Рухтан» қоғамдық қорыҮЕҰ дерекқорында тіркелгені туралы мәліметтер жоқ
3Аймақтағы білім беру саласының озық тәжірибелері жөнінде кешенді ақпараттық жұмысты жүргізуқысқа мерзімді«Шаңырақ» қоғамдық қорыӨтінім мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкес келмейді  
4қысқа мерзімді«Parasat Aktau» қоғамдық бірлестігіӨтініш беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде тұр

Документы