Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасының тапсырысы бойынша сараптамалық комиссия отырысының 16.05.2025 жылғы №23 хаттамасы

«Жетісу облысының Қоғамдық даму басқармасы» ММ басшысының

«Үкіметтік емес ұйымдарға берілетін мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының 2025 жылға арналған тізбесін бекіту туралы» 2025 жылғы «13» наурыздағы № 8-н/қ бұйрығымен бекітілген 2025 жылғы 19 наурызда жариялаған конкурс шеңберінде Грант алушыларды іріктеу мақсатында «Отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу» саласы бойынша өтінімдерді тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша сараптамалық комиссия отырысының

№ 23 ХАТТАМАСЫ

                 Астана қ.                                                                              2025 жылғы «16» мамыр

Отырысқа қатысқандар:

ТАӘҚатысу туралы мәліметтер
1.Рақметқазынов Нұржан НұрланұлыZOOM арқылы қашықтан қатысты
2.Касенов Айбол БатырболұлыZOOM арқылы қашықтан қатысты
3.Жумабаев Мадияр Серикович        ZOOM арқылы қашықтан қатысты
4.Саматқызы ШырайZOOM арқылы қашықтан қатысты
5.Есенбеков Алмат         ZOOM арқылы қашықтан қатысты

Шешімдер қабылдау үшін кворумның болуы туралы мәліметтер (сараптама комиссиясы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі): бар.

Әрбір өтінімге Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 8-қосымшасында бекітілген көрсеткіштер бойынша балдар берілді.

Күн тәртібі:

  1. Сараптама комиссиясының төрағасын сайлау.
  2. Сараптама комиссиясының әрбір мүшесіне бағалау жүргізу үшін берілген өтінімдер санын айқындау.
  3. Үкіметтік емес ұйымдарға (бұдан әрі – ҮЕҰ) мемлекеттік гранттар беруге арналған конкурс шеңберінде өтінімдерге тәуелсіз бағалау жүргізу нәтижелері бойынша Грант алушыларды айқындау.

Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша:

Сараптама комиссиясының қатысып отырған мүшелері барлық кандидатураларды қарап, Сараптама комиссиясының Төрағасы ретінде Шырай Саматқызы сайлауға шешім қабылдады.

Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша:

Гранттар беру бағыттары бойынша үлестіруге сәйкес сараптама комиссиясының әрбір мүшесіне бағалау жүргізу үшін берілген өтінімдер саны мынадай:

Сапаршының аты-жөніБағалау жүргізу үшін берілген өтінімдер саныКонкурстық комиссияның отырысында қосымша бағалау жүргізу үшін берілген өтінімдер саныБағалау жүргізілген өтінімдердің жалпы саны
1.Рақметқазынов Нұржан Нұрланұлы25025
2.Касенов Айбол Батырболұлы25025
3.Жумабаев Мадияр Серикович25025
4.Саматқызы Шырай25025
5.Есенбеков Алмат25025

Екінші сұрақ бойынша шешім: Бағалау жүргізілген өтінімдердің жалпы саны 25 өтінімді құрайды.

Күн тәртібінің үшінші мәселесі бойынша:

Грант алушыларды іріктеу мақсатында өтінімдерге тәуелсіз бағалау жүргізу жөніндегі 5 адамнан тұратын сараптамалық комиссия 15 ҮЕҰ-нан түскен 25 өтінімге тәуелсіз сараптама жүргізді.

Өтінімдер сараптамалық комиссияның әрбір мүшесіне дербес қолжетімділікті ұсына отырып, бұлтты сақтау арқылы жіберілді.

Сараптама комиссиясы мүшелерінің әрбір жобаға түсініктемелері сараптама комиссиясы мүшелерінің бағалау парақтарында көрсетіледі.

Сарапшылар бағалау парақтарында әрбір өтінім бойынша Қағидалардың                        8-қосымшасына сәйкес балдар береді.

1-кесте

Басым бағыттың атауыІске асырылу мерзіміГрант сомасы (мын тенге)Өтінім берушіРақметқазынов Нұржан НұрланұлыКасенов Айбол БатырболұлыЖумабаев Мадияр СериковичСаматқызы ШырайЕсенбеков АлматБарлығы
Ұлттық және отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді насихаттау, ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз етуқысқа мерзімді9 611,0«Қоғамдық денсаулық сақтау институты» жеке меншік мекемесі4020183728143
«Мүшелтой аула клубы» қоғамдық бірлестігі4932274428180
«Еркін пікір» Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы» жастар қоғамдық бірлестігі4629272928159
«Өрендер» академиясы» қоғамдық бірлестігі4621254328163
«Бақытты отбасы» қоғамдық бірлестігі4615172128127
«Жас Ұлан» бірыңғай балалар-жасөспірімдер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі4630283528167
«YERKIN» өнер академиясы» жастар қоғамдық бірлестігі4921153455174
«Жетісу жастары ұйымының Конгресі» жастар қоғамдық бірлестігі4932363655208
«Ұмтылыс Q» қоғамдық бірлестігі4931234055198
«Алматы облысының Ауыл жастарының одағы» жастар қоғамдық бірлестігі4937334855222
Әйелдердің көшбасшылық, қаржылық және құқықтық құзыреттерін арттыру және дамытуқысқа мерзімді7 000,0«Жетісу Іскер Әйелдері» қоғамдық бірлестігі4522182528138
«Өрендер» академиясы» қоғамдық бірлестігі4631273328165
«ҚСА» Республикалық студенттер қозғалысы» қоғамдық бірлестігі4626233528158
«YERKIN» өнер академиясы» жастар қоғамдық бірлестігі4917183255171
«Жетісу жастары ұйымының Конгресі» жастар қоғамдық бірлестігі4922263655188
«Талдықорған өңірлік әйелдерді қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігі5025243528162
«Ұмтылыс Q» қоғамдық бірлестігі4926303155191
«Астана әйелдер ақпараттық орталығы» жеке меншік мекемесі4919162928141
«Алматы облысының Ауыл жастарының одағы» жастар қоғамдық бірлестігі4936364855224
Әкелер институтын дамыту, ұлдарды болашақ әке ретінде тәрбиелеуге жәрдемдесу және әкелерді бала тәрбиесі процесіне белсенді қатыстыруқысқа мерзімді5 000,0«Әкелер Одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Жетісу облысындағы филиалы4425272928153
«Өрендер» академиясы» қоғамдық бірлестігі4632303028166
«Жетісу жастары ұйымының Конгресі» жастар қоғамдық бірлестігі4933322955198
«YERKIN» өнер академиясы» жастар қоғамдық бірлестігі4928263255190
«Ұмтылыс Q» қоғамдық бірлестігі4922244055190
«Алматы облысының Ауыл жастарының одағы» жастар қоғамдық бірлестігі4940353255211

Үшінші мәселе бойынша шешім: Өтінімдерді тәуелсіз бағалауды жүргізу нәтижелері бойынша және сараптама комиссиясының дауыс беруі арқылы мынадай үкіметтік емес ұйым жеңімпаз болып анықталды:

Басым бағыттың атауыІске асырылу мерзіміҮЕҰ атауыЖалпы балл
1.Ұлттық және отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді насихаттау, ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз етуқысқа мерзімді«Алматы облысының Ауыл жастарының одағы» жастар қоғамдық бірлестігі222
2Әйелдердің көшбасшылық, қаржылық және құқықтық құзыреттерін арттыру және дамытуқысқа мерзімді«Алматы облысының Ауыл жастарының одағы» жастар қоғамдық бірлестігі224
3Әкелер институтын дамыту, ұлдарды болашақ әке ретінде тәрбиелеуге жәрдемдесу және әкелерді бала тәрбиесі процесіне белсенді қатыстыруҚысқа мерзімді«Алматы облысының Ауыл жастарының одағы» жастар қоғамдық бірлестігі211

Сараптама комиссиясы төрағасы  _____________  Саматқызы Ш.

Документы