Жаңаөзен қалалық ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша сараптамалық комиссия отырысының 28.04.2025 жылғы №10 хаттамасы

«Жаңаөзен қалалық ішкі саясат бөлімі» ММ басшысының «Үкіметтік емес ұйымдарға берілетін мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының 2025 жылға арналған тізбесін бекіту туралы» 2025 жылғы «28» ақпандағы №03-04-02 бұйрығымен бекітілген 2025 жылғы «06» наурызда жарияланған конкурс шеңберінде Грант алушыларды іріктеу мақсатында «Білім, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу» саласы бойынша өтінімдерді тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша сараптамалық комиссия отырысының

№ 10 ХАТТАМАСЫ

Астана қ.                                                                           2025 жылғы «28» сәуір

Отырысқа қатысты:

ТАӘҚатысу туралы мәліметтер
1.Мырхайдаров Канат БахадурулыZOOM арқылы қашықтан қатысты
2.Абдыхалыков Каиржан СаясатовичZOOM арқылы қашықтан қатысты
3.Карханов Аслан Игореевич        ZOOM арқылы қашықтан қатысты
4.Асанова Динара КенжебековнаZOOM арқылы қашықтан қатысты
5.Сейткан Айнур Сейтканкызы                           қатыспады

Шешімдер қабылдау үшін кворумның болуы туралы мәліметтер (сараптама комиссиясы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі): бар.

Әрбір өтінімге Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 8-қосымшасында бекітілген көрсеткіштер бойынша балдар берілді.

Күн тәртібі:

  1. Сараптама комиссиясының төрағасын сайлау.
  2. Сараптама комиссиясының әрбір мүшесіне бағалау жүргізу үшін берілген өтінімдер санын айқындау.
  3. Үкіметтік емес ұйымдарға (бұдан әрі – ҮЕҰ) мемлекеттік гранттар беруге арналған конкурс шеңберінде өтінімдерге тәуелсіз бағалау жүргізу нәтижелері бойынша Грант алушыларды айқындау.

Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша:

Сараптама комиссиясының қатысып отырған мүшелері барлық кандидатураларды қарап, Сараптама комиссиясының Төрағасы ретінде  Каиржан Саясатович  Абдыхалыков сайлауға шешім қабылдады.

Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша:

Гранттар беру бағыттары бойынша үлестіруге сәйкес сараптама комиссиясының әрбір мүшесіне бағалау жүргізу үшін берілген өтінімдер саны мынадай:

Сапаршының аты-жөніБағалау жүргізу үшін берілген өтінімдер саныКонкурстық комиссияның отырысында қосымша бағалау жүргізу үшін берілген өтінімдер саныБағалау жүргізілген өтінімдердің жалпы саны
1.Мырхайдаров Канат Бахадурулы202
2.Абдыхалыков Каиржан Саясатович202
3.Карханов Аслан Игореевич202
4.Асанова Динара Кенжебековна202
5.Сейткан Айнур Сейтканкызы                 202

Екінші сұрақ бойынша шешім: Бағалау жүргізілген өтінімдердің жалпы саны 2 өтінім құрайды.

 Күн тәртібінің үшінші мәселесі бойынша:

Грант алушыларды іріктеу мақсатында өтінімдерге тәуелсіз бағалау жүргізу жөніндегі 5 адамнан тұратын сараптамалық комиссия 2 ҮЕҰ-нан түскен 2 өтінімге тәуелсіз сараптама жүргізді.

Өтінімдер сараптамалық комиссияның әрбір мүшесіне дербес қолжетімділікті ұсына отырып, бұлтты сақтау арқылы жіберілді.

Сараптама комиссиясы мүшелерінің әрбір жобаға түсініктемелері сараптама комиссиясы мүшелерінің бағалау парақтарында көрсетіледі.

Сарапшылар бағалау парақтарында әрбір өтінім бойынша Қағидалардың                        8-қосымшасына сәйкес балдар береді.

1-кесте

Басым бағыттың атауыІске асырылу мерзіміГрант сомасы (мын тенге)Өтінім берушіМырхайдаров Канат БахадурулыАбдыхалыков Каиржан СаясатовичКарханов Аслан ИгореевичАсанова Динара КенжебековнаСейткан Айнур СейтканкызыБарлығы
Мемлекеттік рәміздерді насихаттау және олардың маңыздылығын түсіндіруҚысқа мерзімді11 000,0«Игі жастар» қоғамдық қоры1943121428116
«Қазақстан экологиялық қоры» қоғамдық қоры4237142060173

Үшінші мәселе бойынша шешім: Өтінімдерді тәуелсіз бағалауды жүргізу нәтижелері бойынша және сараптама комиссиясының дауыс беруі арқылы мынадай үкіметтік емес ұйым жеңімпаз болып анықталды:

Басым бағыттың атауыІске асырылу мерзіміҮЕҰ атауыЖалпы балл
1.Мемлекеттік рәміздерді насихаттау және олардың маңыздылығын түсіндіруҚысқа мерзімді«Қазақстан экологиялық қоры» қоғамдық қоры173

Сараптама комиссиясының төрағасы  _____________  Абдыхалыков К.С.

Документы