Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша сараптамалық комиссия отырысының 24.04.2025 жылғы №8 хаттамасы

«Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы» ММ басшысының «Үкіметтік емес ұйымдарға берілетін мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының  2025 жылға арналған тізбесін бекіту туралы» 2025 жылғы «27» ақпандағы №38 бұйрығымен бекітілген 2025 жылғы «04» наурызда жарияланған конкурс шеңберінде Грант алушыларды іріктеу мақсатында «Азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу» саласы бойынша өтінімдерді тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша сараптамалық комиссия отырысының

№ 8 ХАТТАМАСЫ

Астана қ.                                                                           2025 жылғы «__» сәуір

Отырысқа қатысты:

ТАӘҚатысу туралы мәліметтер
1.Аймағамбетов Еділ ҚонайұлыZOOM арқылы қашықтан қатысты
2.Шукурова Еркин ЖандуллаевнаZOOM арқылы қашықтан қатысты
3.Қантөреева Жұмагүл АмангелдіқызыZOOM арқылы қашықтан қатысты
4.Балпеисова Светлана АсылгиреевнаZOOM арқылы қашықтан қатысты
5.Орынбасар Мақсат ЗейнуллаұлыZOOM арқылы қашықтан қатысты

Шешімдер қабылдау үшін кворумның болуы туралы мәліметтер (сараптама комиссиясы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі): бар.

Әрбір өтінімге Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 8-қосымшасында бекітілген көрсеткіштер бойынша балдар берілді.

Күн тәртібі:

  1. Сараптама комиссиясының төрағасын сайлау.
  2. Сараптама комиссиясының әрбір мүшесіне бағалау жүргізу үшін берілген өтінімдер санын айқындау.
  3. Үкіметтік емес ұйымдарға (бұдан әрі – ҮЕҰ) мемлекеттік гранттар беруге арналған конкурс шеңберінде өтінімдерге тәуелсіз бағалау жүргізу нәтижелері бойынша Грант алушыларды айқындау.

Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша:

Сараптама комиссиясының қатысып отырған мүшелері барлық кандидатураларды қарап, Сараптама комиссиясының Төрағасы ретінде Жұмагүл Амангелдіқызы Қантөрееваны сайлауға шешім қабылдады.

Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша:

Гранттар беру бағыттары бойынша үлестіруге сәйкес сараптама комиссиясының әрбір мүшесіне бағалау жүргізу үшін берілген өтінімдер саны мынадай:

Сапаршының аты-жөніБағалау жүргізу үшін берілген өтінімдер саныКонкурстық комиссияның отырысында қосымша бағалау жүргізу үшін берілген өтінімдер саныБағалау жүргізілген өтінімдердің жалпы саны
1.Аймағамбетов Еділ Қонайұлы404
2.Шукурова Еркин Жандуллаевна404
3.Қантөреева Жұмагүл Амангелдіқызы404
4.Балпеисова Светлана Асылгиреевна404
5.Орынбасар Мақсат Зейнуллаұлы404

Екінші сұрақ бойынша шешім: Бағалау жүргізілген өтінімдердің жалпы саны өтінім құрайды.

По третьему вопросу повестки дня:

Грант алушыларды іріктеу мақсатында өтінімдерге тәуелсіз бағалау жүргізу жөніндегі 5 адамнан тұратын сараптамалық комиссия 3 ҮЕҰ-нан түскен 4 өтінімге тәуелсіз сараптама жүргізді.

Өтінімдер сараптамалық комиссияның әрбір мүшесіне дербес қолжетімділікті ұсына отырып, бұлтты сақтау арқылы жіберілді.

Сараптама комиссиясы мүшелерінің әрбір жобаға түсініктемелері сараптама комиссиясы мүшелерінің бағалау парақтарында көрсетіледі.

Сарапшылар бағалау парақтарында әрбір өтінім бойынша Қағидалардың   8-қосымшасына сәйкес балдар береді.

1-кесте

Басым бағыттың атауыІске асырылу мерзіміГрант сомасы (мын тенге)Өтінім берушіАймағамбетов Еділ ҚонайұлыШукурова Еркин ЖандуллаевнаҚантөреева Жұмагүл АмангелдіқызыБалпеисова Светлана АсылгиреевнаОрынбасар Мақсат ЗейнуллаұлыИтоги
Ақтөбе облысының Азаматтық орталығының қызметін ұйымдастыруҚысқа мерзімді6 500,0«Ақтөбе облысының Азаматтық орталығы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі4639484733213
Облыстағы азаматтық бастамаларды қолдау және дамытуҚысқа мерзімді8 000,0«Ақтөбе облысының Үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығы» ЗТБ4555404327210
 «Ақтөбе облысының Азаматтық орталығы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі4444504835221
«ҚСА» Республикалық студенттер қозғалысы» қоғамдық бірлестігі3540333517160

Үшінші мәселе бойынша шешім: Өтінімдерді тәуелсіз бағалауды жүргізу нәтижелері бойынша және сараптама комиссиясының дауыс беруі арқылы мынадай үкіметтік емес ұйым жеңімпаз болып анықталды:

Басым бағыттың атауыІске асырылу мерзіміҮЕҰ атауыЖалпы балл
1.Ақтөбе облысының Азаматтық орталығының қызметін ұйымдастыруҚысқа мерзімді«Ақтөбе облысының Азаматтық орталығы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі213
2.Облыстағы азаматтық бастамаларды қолдау және дамытуҚысқа мерзімді«Ақтөбе облысының Азаматтық орталығы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі221

Сараптама комиссиясы Төрағасы            ___________________ Қантөреева Ж.А.  

Документы