​«Салауатты өмір салтын сақтайық!» атты жастар арасында эссе байқауы

«Жастар Үні» жастар қоғамдық бірлестігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» қолдауымен «Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау» жобасы аясында жастар арасында эссе байқауының басталғаны жөнінде жариялады.

Байқаудың мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды спортқа баулу.

Байқауға 14 пен 29 жас аралығындағы жастар қатыса алады.

Байқауға шығармашылық жұмыстарды қабылдау 2019 жылдың 7 қыркүйегі мен 7 қараша аралығында жүреді.

Байқау ережелері:

Шығармашылық жұмыстар Microsoft Word түрінде қабылданады. Мақала көлемі 14 шрифтпен, 1,0 интервалмен, 2 беттен кем және 5 беттен көп болмауы тиіс.

Материалдар қазақ және орыс тілінде қабылданады.

Барлық материалдар «Arhar.kz» порталының «Байқау» айдарында жарияланады.

Эсселер arharinfo@gmail.com электронды поштасы бойынша қабылданады.