Центр поддержки гражданских инициатив_KZ.



29 қазан күні Қазақ гуманитарлы-заң университеті ғимаратында шахматтан әлем чемпионы Динара Сәдуақасова шахматтан қайырымдылық сеансын өткізді. Сеансқа әртүрлі жастағы азаматтар, бизнес өкілдері мен қоғам қайраткерлері, мемлекет қызметкерлері қатысты. Сеанстың басты мақсаты - жас балалардың білім алуына қаражат жинау. Аталмыш жобаға "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" коммерциалық емес акционерлік қоғамы қолдау білдірді. 

- Біз бүгін қайырымдылық мақсатында жиналдық. Барлық қаражат ата-ананың қамқорлығынан айырылған балалар мен ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуына жұмсалатын болады, - дейді шахматтан әлем чемпионы. 



Қайырымдылық шарасында жиналған қаражат "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына аударылып, мұқтаж азаматтарға қолдау көрсету үшін жұмсалатын болады.