Центр поддержки гражданских инициатив_KZ.
ҮЕҰ НАЗАРЫНА: «АСАР» үш жақты серіктестік форумы аясындағы ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАР ЖӘРМЕҢКЕСІНЕ ӨТІНІМДЕР БЕРУ УАҚЫТЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

ҮЕҰ НАЗАРЫНА: «АСАР» үш жақты серіктестік форумы аясындағы ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАР ЖӘРМЕҢКЕСІНЕ ӨТІНІМДЕР БЕРУ УАҚЫТЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

28.09.2017

154

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, «Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Азаматтық бастамаладры қолдау орталығы» КЕАҚ «Асар» үш жақты серіктестік форумы аясындағы Әлеуметтік жобалар жәрмеңкесі басталғанын жариялайды.

Жәрмеңкеге қатысу үшін ҮЕҰ 2017 жылдың 6-қазан күні сағат 18.00-ге дейін (Астана уақытымен) asar@cisc.kz электронды поштасына Жәрмеңкеге қатысу туралы өтінімді қазақ немесе орыс тілінде жіберулері тиіс. Әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған кез-келген жобалар күтілуде.

ҮЕҰ үшін өтінім формаға сәйкес толтырылады және өтінімге міндетті түрде слайд (10 бетке дейін) немесе бейнеролик (ұзақтығы 3 минутқа дейін) немесе инфографика (5 данаға дейін) түріндегі презентациялық материал тіркеліп жіберіледі.

Барлық өтінімдер жиналып болғаннан кейін http://asar2017.kz/ сайтында ашық түрде жарияланатын болады.

Барлық сұрақтарды "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ қоюға болады. Мунира Абулова +7 7172 61 81 84, abulova@cisc.kz

Жәрмеңкеге қатысу туралы толық ақпаратты келесі сілтеме арқылы таба аласыз: http://asar2017.kz/ereje

Ішкі бөлімдерін аймағын қамтиды