Центр поддержки гражданских инициатив_KZ.
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл  Қоғамдық қабылдау бөлмесінде балалар және жастармен кездесу өткізді

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Қоғамдық қабылдау бөлмесінде балалар және жастармен кездесу өткізді

15.05.2019

18

2019 жылдың 14 мамырында Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл С. Айтпаева «Бақытты бала» Қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Бейбітшілік және келісім сарайында орналасқан Қоғамдық қабылдау бөлмесінде балалар және жастармен кездесті. Кездесу мемлекеттік грантты жүзеге асыру шеңберінде «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының қаржыландыруымен Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен өткізілді.

Сонымен бірге, кездесу барысында С. Айтпаева Қоғамдық қабылдау бөлмесі ережеге сәйкес тұрақты түрде қызмет ететін ақпараттық-кеңестік орталық болып табылатынын айтты. Сонымен қатар қабылдау бөлмесі өз жұмысында қоғам тарапынан мақұлданған принциптер мен халықаралық құқық нормаларына, БҰҰ Балалар құқығы туралы Конвенциясына, Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне, ҚР «Қазақстан Республикасының "Баланың құқықтарын қорғау туралы" Заңына» және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сүйенетінін атап өтті. Сондай-ақ, қоғамдық қабылдау қызметіне үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен құзыретті мемлекеттік органдар тартылатынын, бұл балалар мен жастардың құқықтарын қорғау, оларға құқықтық, психологиялық-педагогикалық көмек көрсету саласында хабардарлығын арттыруға ықпал ететінін атап өтті.

Кездесу барысында «Астана жастары» Жастар ресурстық орталығының басшысының орынбасары Жуманбаева Ақерке еріктілер қозғалысын дамытуға байланысты жобаларымен, жұмысқа орналастыру және балаларға кәсіби бағдар беру жұмыстарына байланысты жоспарларымен бөлісті.

Комментарии

Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке
Ішкі бөлімдерін аймағын қамтиды