Центр поддержки гражданских инициатив_KZ.
«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ ҮЕҰ өкілдерін үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік гранттар беру жөніндегі конкурстық комиссия сарапшыларының тізілімін қалыптастыруға қатысуға шақырады

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ ҮЕҰ өкілдерін үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік гранттар беру жөніндегі конкурстық комиссия сарапшыларының тізілімін қалыптастыруға қатысуға шақырады

22.09.2017

90

1.      «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ конкурстық комиссия сарапшыларының тізілімі туралы

Қазақстан Республикасының дін істері және азаматтық қоғам министрінің 18 тамыз, 2017 жылғы №123 «Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің 25 желтоқсан 2015 жылғы №413 «Үкіметтік емес ұйымдарға грант беру ережелерін бекіту және іске асыруын бақылау туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығында бекітілген Ережеге сәйкес (бұдан әрі - Ереже) гранттық қаржыландыру саласындағы Оператор сарапшылар тізілімін құрады.

ҮЕҰ гранттық қаржыландырудың Операторы  «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Орталық) болып табылады.

Конкурстық комиссия Жоспарға енгізілген мемлекеттік гранттар беру саласына қарай құрылады.

Конкурстық комиссияны қалыптастыру үрдісінің тиімділігін арттыру үшін, Орталық  конкурстың сарапшылар тізілімін құруды бастайды.

Осыған орай, Орталық үкіметтік емес ұйымдарды сарапшылар тізілімін құруға қатысуға және конкурстық комиссия құрамына ҮЕҰ өкілдерінің арасынан нысанға сәйкес кандидатураларды ұсынуға шақырады.

2.       Мемлекеттік гранттар беру салаларының бағыттары («Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мен сыйлықақылар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес):

1.    білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға жету;

2.    халықтың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау;

3.    қоршаған ортаны қорғау;

4.    жастар саясатын және балалар бастамаларын қолдау;

5.    демография проблемаларын шешу;

6.    гендерлік мәселелерді шешу;

7.    халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау;

8.    жетім балаларға, толық емес және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға көмек көрсету;

9.    азаматтарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу;

10.              азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау;

11.              мәдениет пен өнерді дамыту;

12.              тарихи-мәдени мұраны қорғау;

13.              әлеуметтік бірлік пен ұлттық бірлікті нығайту;

13.1 өздерінде тіркелген адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету барысында қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметтеріне ге жәрдемдесу;

13.2 мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу.

3.      Конкурстық комиссия мүшелерінің қызметі туралы

Конкурстық комиссияның мүшелері үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен қалыптасады деп хабарлаймыз: соның ішінде конкурстық комиссия мүшелері жалпы санының  30 % Оператор ұсынады, ал 70% - үкіметтік емес ұйымдар.

Конкурстық комиссия құрамына жоспардың бағыттарына сәйкес он бес мүшеге дейін кіреді.

Тәуелсіз сараптама барысында конкурстық комиссия мүшесі:

·      құжаттарды  оқып, Ереженің 23-тармағының талаптарына сәйкес бағалайды;

·      конкурстық комиссияның отырысына қатысады;

·      Ереженің және өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтайды;

·      Объективті және бейтарап шешім қабылдайды.

Конкурстық комиссия мүшесі үкіметтік емес ұйымға грант беру немесе бермеу туралы шешім қабылдау үшін жауап береді.

Конкурстық комиссиядағы сараптамалық қызмет төленеді.

4.      Сарапшылар комиссиясына кіру туралы өтінім формасы.

Конкурстық комиссия сарапшыларының тізілімін қалыптастыру мақсатында байқауға қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

1.    Конкурстық комиссияға қатысу тәжірибесі (бар болса) және сәйкес бағыт бойынша жобаларға қатысу тәжірибесі көрсетілген түйіндеме;

2.    Гранттарды орындауға кемінде екі жылдық жұмыс өтілі бар екендігін растайтын құжаттар (осы хабарландырудың 2-тармағына сәйкес тақырыпқа сәйкес келетін салада жұмыс тәжірибесінің (біліктілігін) көрсететін жұмыс берушінің лауазымын, жұмыс орнын және жұмыс мерзімін міндетті түрде көрсете отырып, еңбек кітапшасының көшірмесін (егер бар болса) растайтын құжаттар);

3.    ҮЕҰ атынан ұсыныс хаттардың болуы (кем дегенде 2);

4.    Жеке куәлік көшірмесі;

5.    Шоттың толық мәліметтері бар қызмет көрсету банкінен анықтама.

5.      ҮЕҰ келген құжаттарды қарау үрдісі.

Конкурстық комиссия сарапшыларын қалыптастыруға құжаттарды expert@cisc.kz электронды поштасына жібергеннен кейін, жүйе хатты алғаны туралы растаумен автоматты түрде жауап береді.

Өтінім жіберуші ұсынған құжаттардың конкурстық комиссия сарапшылары тізілімін құру шарттарына сәйкестігін Орталық карап тексергеннен соң, қатысушылар тізілімге кіріп, кейін мемлекеттік гранттарды ұсыну байқаулары өткізілу барысында ағымдағы байқаудың конкурстық комиссия құрамына тағайындалуы мүмкін.

Конкурстық комиссия сарапшыларының тізімі тұрақты негізде жаңартылып, www.cisc.kz ресми сайтында жарияланады.

 

6.      Мекен-жай және байланыс ақпараты.

Сарапшылар тізілімін қалыптастыруға қатысу үшін құжаттар expert@cisc.kz электрондық поштасына «Конкурстық комиссия тізілімін қалыптастыруға қатысу үшін құжаттар» тақырыбындағы жазбамен бірге жіберіледі.

Қосымша ақпарат және түсініктемелер алу үшін, +7 705 188 57 25, +7 7172 67 81 84 телефон номерлері арқылы (Мунира Абулова) Орталыққа хабарласыңыз. 



Конкурстық комиссияға қосу үшін сарапшылар тізілімінің формасы (нысаны)

Сарапшының аты-жөні

Байланыс ақпараты

Жұмыс орны, лауазымы

Грант бағыты

(«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мен сыйлықақылар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес)

Сарапшыны ұсынған ұйым

Грант бойынша бағыттағы жұмыс тәжірибесі

Мінездемелер  (екіден кем емес)

1.       

 

телефон, электронды адрес,

мекен-жай

 

Жастар саясатын және балалар бастамаларын қолдау.

 

Жетім балаларға, толық емес және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға көмек көрсету. Балалар құқығын қорғау.

 

 

 

2.     

 

3.     

 

Ішкі бөлімдерін аймағын қамтиды