Центр поддержки гражданских инициатив_KZ.
«Қазақ әдебиетінің інжу-маржандары» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді

«Қазақ әдебиетінің інжу-маржандары» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді

20.09.2017

75

Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қоры Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының гранттық бағдарламасының аясында «Халықтың ұлттық-мәдени бірлігін сақтаудағы зиялылардың рөлі» тақырыбындағы жобасы аясында «Қазақ әдебиетінің інжу-маржандары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді.

Жиын мақсаты – қоғам зиялыларының қатысуымен Қазақстан халқының мәдени мұрасын сақтау шараларын ұйымдастыру.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында:

«Жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бас​тау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты - сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай.

...Бұл - тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйле​сімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғыр​намасы.» дей келе, «Бұл жұмыста шығармашылық зиялы қауым, оның ішінде Жазушылар одағы мен Ғылым академиясы, университеттер мен қоғамдық ұйымдар үлкен рөл атқаруға тиіс. Біз заманауи мәдениетіміздің қандай өкіл​дері әлемдік аренаға жол тартуы керектігін анық​тап алуымыз керек. Ұлттық мәдениетіміздің озық үлгілерін ірік​теп алғаннан кейін шетелдерде оларды таныс​тыру рәсімдерін өткіземіз.   2017 жыл жер жүзіне мәдениет саласындағы қай жетістіктерімізді көрсете алатынымызды ай​қындап алу тұрғысынан шешуші жыл болмақ» деді.  

Бұл тапсырмалар мемлекеттің және азаматтық қоғамның барлық идеологиялық жұмысының орта мерзімді перспективадағы негізі болды. Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қоры «Халықтың ұлттық-мәдени бірлігін сақтаудағы зиялылардың рөлі» тақырыбындағы жоба аясындағы іс-шараларын осы бағытта жүзеге асыруда. Ең бастысы – бағыт-бағдар анық, жолымыз жарқын.

Жоба аясында 2017 жылғы 20 қыркүйек күні өтетін тақырыптық шаралардың бірі Қазақ әдебиетінің інжу-маржандары тақырыбына арналмақ.

Ұсыныс, пікір білдірем деушілер, жиында сөйлеймін деушілер болса хабарласуына болады.

Өтетін орны: Алматы қаласы, Алтынсарин көшесі, 37. Қазақстан Жазушылары кітапханасы.

Өтетін уақыты: 2017 жылғы 20 қыркүйек күні, сағат 15.00-де.

Хабарласу: 87273036806, 2778129, 87073240176.


Ішкі бөлімдерін аймағын қамтиды