Центр поддержки гражданских инициатив_KZ.
Мемлекет пен ҮЕҰ өзара қарым-қатынасы: қазіргі жағдайы мен болашағы

Мемлекет пен ҮЕҰ өзара қарым-қатынасы: қазіргі жағдайы мен болашағы

07.09.2017

56

Орталық коммуникациялар қызметінде «Мемлекет пен ҮЕҰ өзара қарым-қатынасы: қазіргі жағдайы мен болашағы» тақырыбында баспасөз конференция өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкенұлы, Азаматтық қоғам істері комитетінің төрайымы Әлия Ғалымова қатысты.

Баспасөз конференцияда Абзал Нүкенов мемлекет пен үкіметтік емес сектордың өзара әрекеттестігінің негізгі бағыттары туралы баяндады. Сонымен қатар, министрлікпен бірнеше бастамалар ұсынылғанын айтып өтті.

Министрліктің бастамасы бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, орталық және жергілікті атқарушы органдар басшыларының ҮЕҰ өкілдерімен кездесу кестелері дайындалды.

Министрлікпен мемлекет пен ҮЕҰ басты диалогтік алаңдары – Азаматтық форум және ҮЕҰ өзара іс-қимыл жөніндегі Үйлестіру кеңесінің жұмыстары жүргізіледі, онда сектордың институционалдық дамуы және заңнаманың өзекті мәселелері шешіледі.

Азаматтық қоғам саласындағы нормативтік-құқықтық база жетілдірілуде. ҮЕҰ ұсыныстары негізінде «Коммерциялық емес ұйымдардың қызметі жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасы пысықталды. Сонымен қоса, министрлік волонтерлік қызметті және қоғамдық кеңестердің қызмет етуін дамыту саласында жұмыстар жүргізеді.

Вице-министр А. Нүкенов: «Қоғамдық кеңестер өзара қарым-қатынастың тиімді механизмі болып қалыптасуда. Олардың құқықтық базасын жетілдіру үшін біз барлық 229 қоғамдық кеңестің, ҮЕҰ және халықаралық ұйымдардың ұсыныстарын жинақтадық. Олардың негізінде Министрлікпен Қоғамдық кеңестер туралы Типтік қағида жобасы дайындалды, онда қоғамдық кеңестер жұмысының үрдістері, соның ішінде құрамды қалыптастыру, отырыстарды өткізу, шешімдерді бақылау үрдістері егжей-тегжейлі көрсетілген. Сонымен қоса, биылғы жылы қарашада Қоғамдық кеңестердің алғашқы Республикалық Мәжілісі өтеді. Біз онда заңнамаға енгізу үшін дайындалған барлық толықтыруларды ұсынатын боламыз».

ҮЕҰ-дың институционалдық дамуы бойынша шаралар қабылданып жатыр. Аймақтардағы «азаматтық орталықтарды» дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде, олар ҮЕҰ құқықтық және ұйымдастырушылық қолдау көрсетеді.

Сонымен бірге, мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ өзара әрекеттестігі бойынша қаржыландырудың жаңа механизмдері – гранттар мен премиялар енгізілді. Биыл алғаш рет ҮЕҰ-ға сыйлықақы тағайындау үшін конкурс өткізіліп жатыр (сыйлықақы мөлшері 2000 АЕК). 2017 жылғы 6 қыркүйектегі жағдай бойынша өкілетті органға сыйлықақы алу үшін барлығы 224 тапсырыс келіп түсті. 

Қазіргі уақытта түрлі әлеуметтік бағыттар бойынша 55 гранттық жоба іске асырылуда.

Сонымен қатар, Министрлік мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде ҮЕҰ-мен жобалық серіктестікті дамытуды қолға алды. Биыл 8 орталық мемлекеттік орган және жергілікті атқарушы органдардың 364-ке жуық салалық құрылымдары республика бойынша орталық деңгейде жалпы соммасы 569,2 млн. теңгені құрайтын 43 жобаны, жергілікті деңгейде соммасы 13,9 млрд. теңге болатын 2103 жобаны (жергілікті атқарушы органдардың мәліметтері бойынша) іске асырып жатыр. 

Ішкі бөлімдерін аймағын қамтиды