Центр поддержки гражданских инициатив_KZ.
Баспасөз хабарламасы: Бүкіләлемдік ҮЕҰ күні

Баспасөз хабарламасы: Бүкіләлемдік ҮЕҰ күні

15.02.2019

122

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ


Қазақстанда Бүкіләлемдік ҮЕҰ-лар күнін атап өтуді алғаш рет Гранттық оператор мен 5 үкіметтік емес ұйым бірігіп қолға алды.

Астанада 25 ақпан күні, сағат 14:00-де Wyndham Garden (Тұрар Рысқұлов к-сі, 6/1) отелінде өтетін Дүниежүзілік ҮЕҰ күніне (NGO day) қызу дайындық жүріп жатыр.

Шара ұйымдастырушысы Гранттық оператор - Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы және Қазақстанның Азаматтық Альянсы, «АРГО» азаматтық қоғам қауымдастығы, Қазақстан жастарының конгресі, Ұлттық волонтерлік желі және «Болашақ» қауымдастығы.

Іс-шараның басты мақсаты - жас және кәсіби ҮЕҰ-ларды қолдау, тәжірибе алмасу, азаматтық сектор, бизнес құрылым өкілдері, дипломатиялық миссиялар мен мемлекеттік органдардың арасындағы әріптестікті орнату. Жастар жылы аясында жастар ұйымдарының әлеуетін көтеруге және дамытуға үлкен көңіл бөлінеді.

«Қазақстанда Дүниежүзілік ҮЕҰ-лар күнін атап өтуді бірден бірнеше ұйымның бірігіп ұйымдастыруы алғаш рет болып отыр. Біздің мақсат – түрлі саладығы ҮЕҰ-лардың басын қосу. Мұндай іс-шаралар үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін арттырып, жалпы алғанда Қазақстанда азаматтық қоғамды дамытатынына сенімдіміз», - деп атап өтті Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының төрайымы Батима Мукина.

«Қатысушыларға арнап сапалы мастер-класстар ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз, олар ұйымдарды кәсібилендіруге үлес қосады деп үміттенеміз. Бұл іс-шара ҮЕҰ-ға ғана емес, донорларға, демеушілерге және лауазымды тұлғаларға да бағытталған. ҮЕҰ қоғамның дамуына зор үлес қосады, жаһандық гуманистік құндылықтардың тасымалдаушысы болып табылады», - деді өз сөзінде Қазақстан Азаматтық Альянсының директоры Лима Диас.

Шара қонақтарының қатарында Ресей, Қырғызстан, Әзірбайжан елдерінің өкілдері, республикалық ҮЕҰ көшбасшылары мен сарапшылары, дипломатиялық миссиялардың басшылары мен өкілдері, халықаралық ұйымдар, мемлекеттік органдар өкілдері қатысады.

Анықтама:
Алғаш рет Бүкіләлемдік ҮЕҰ күнін ресми түрде Балтық теңізі елдерінің 12 мемлекеті 2010 жылдың 17 ақпанында Вильнюс, Литвада өткен Балтық теңізі аймағының IX ҮЕҰ форумының 8-ші саммитінде жариялады. Дүниежүзілік ҮЕҰ күні ресми түрде 2014 жылғы 27 ақпаннан бастап Финляндияның Хельсинки қаласында халықаралық деңгейде аталып өтілді.

Шараға тіркелу үшін +77024816226, +77172678197 (Дана) байланыс телефондарына хабарласуға болады немесе mukhameganova@cisc.kz электрондық поштасына.

БАҚ өкілдерін аккредитациялау үшін: +77085317016 (Айнур) немесе ainur@gakaz.kz


Комментарии

Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке
Ішкі бөлімдерін аймағын қамтиды