Центр поддержки гражданских инициатив_KZ.
АБҚО жастар бастамаларын қолдайды

АБҚО жастар бастамаларын қолдайды

25.01.2019

208

2019 жылдың 23 қаңтарында «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» Жастар жылының салтанатты ашылуы «Нұр әлем» павильонында өтті («ЭКСПО-2017» көрме кешені, Астана қаласы).

Іс-шара Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың, Үкімет мүшелерінің, Парламент депутаттары, министрлер, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы жастар саясаты жөніндегі Кеңестің мүшелері, «100 новых лиц» байқауының жеңімпаздары, «Болашақ» бағдарламасының түлектері, жас ғалымдар, шығармашылық, студенттік және жұмыс жастары өкілдері, жас спортшылар, дарынды балалар, қазіргі заманғы медиа саласының өкілдері, балалар үйінің тәрбиеленушілері мен түлектері, ерекше қажеттілігі бар жастар, жас әскери қызметкерлер және т.б. қатысуымен өтті.

 «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КАҚ Басқарма Төрағасы Б.Мукина да Жастар жылының ашылу салтанатты рәсіміне қатысты. Осы іс-шара мемлекеттік жастар саясатын жан-жақты қолдау мен жүзеге асыруға бағытталған ауқымды іс-шаралар жоспарын іске асыруды бастайды.

Өз тарапынан «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КАҚ жастар бастамаларын тұрақты негізде қолдайды. 2016 жылдан бастап 77 млн. теңгеден астам сомаға 7-ден астам гранттық жобалар жүзеге асырылды.

Осы жобалар жастарды патриоттық тәрбиелеу, мемлекеттік тілді дамыту, жастар ортасында суицидтік мінез-құлықтың алдын алу және т.б. қалыптастыру үшін бағытталған.

2019 жылы 400 млн. теңгеден астам сомаға 13 жобалар жоспарланған.

Осылайша, Орталық жастарды жұмылдыруға және олардың жан-жақты дамуына жәрдемдесетін жастар ұйымдарын одан әрі қолдауды көздеп отыр.

Комментарии

Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке
30 Января 2019, 21:14 | Аксеит

Добрый вечер. Какие критерии для участия? Кто может участвовать?

Комментировать
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке
Закрыть
Ішкі бөлімдерін аймағын қамтиды