Центр поддержки гражданских инициатив_KZ.
«Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерін даярлау және қайта даярлау жұмыстарын ұйымдастыру»  курсы аяқталды

«Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерін даярлау және қайта даярлау жұмыстарын ұйымдастыру» курсы аяқталды

04.12.2018

27

«Парасат» кеңес беру-әдістемелік орталығы» мекемесі Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның мемлекеттік гранты аясында «Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерін даярлау және қайта даярлау жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбындағы жобаны жүзеге асыруды аяқтады.

Жоба мақсаты халық арасындағы мақсатты топтың ішіндегі ақпараттық-түсіндіру жұмысының сапасын арттыру және алдын-алу жұмыстарына инновациялық әдістер енгізу болды.

Жоба шеңберінде Қарағанды, Батыс Қазақстан, Алматы, Ақмола облыстарының дін мәселелері жөніндегі әртүрлі деңгейдегі ақпараттық-түсіндіру топтарының жұмысына мониторинг және талдау жүргізілді.

Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелерін дайындау және қайта дайындауға бағытталған бес күндік көшпелі курстар ұйымдастырылды:

-     Қарағанды қаласында - Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының өкілдеріне;

-     Орал қаласында - БҚО, Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау облыстарының өкілдеріне;

-     Талдықорған қаласында - Алматы, Шымкент қаласының, Алматы, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарының өкілдеріне;

-     Көкшетау қаласында - Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының өкілдеріне;

-     Астана қаласында – Астана қаласының және республикалық ақпараттық түсіндіру топтарының мүшелеріне ұйымдастырылады.

«Парасат» кеңес беру-әдістемелік орталығы» мекемесі халықтың экстремистік идеологияның ықпалына шалдыққыш проблемалық категориялары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын ұйымдастыру және жүргізу бойынша әдістемелік ұсыныстар жасап шығарды.

Сонымен қатар, халық арасында мақсатты жұмыс істеуге арналған бірыңғай мобильді әрекет ету пулын қалыптастыру үшін, барлық деңгейдегі ақпараттық-түсіндеру топтары мүшелерінің бірегей электронды мәліметтер базасы құрылды (irgcenter.kz).

Қосымша ақпарат алу үшін келесі байланыс түрлері арқылы хабарласуға болады: +77773383691 (WhatsApp), kmc_parasat@mail.ru

Комментарии

Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке
Ішкі бөлімдерін аймағын қамтиды